Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 7 303 ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТА АЙНАЛЫМҒА ЕНЕДІ

Ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы айналымға енгізу бойынша ағымдағы жылы 150 дана жер учаскесі, яғни 7 303 га аумақ (оның ішінде 1 228 га суармалы егістік, 256 га тәлімі және 5 759 га жайылым) бос екені анықталды. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Келес аудандық тіркеу және жер кадастр бөліміне өткізіліп, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Келес аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Бейсеқұл әлеуметтік желідегі тікелей эфирде айтты.

Жер балансының есебі бойынша Келес ауданының жалпы жер көлемі - 345 129 гектар болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 230 741 гектарды құрайды. Ауылшаруашылығы жерлерінің - 22 197 гектары егістік, 374 га бау жүзім, 2 882 га тыңайған жерлер, 204 899 га жайылым және өзге жерлер 388 га құрап отыр. Аудан аумағында 5 268 шаруа қожалықтары, 38 өндірістік кооператив және 75 серіктестіктер бар.

2020 жылы аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары кезінде 17 жер иелерінің - 1 788,7186 гектар жері пайдаланылмай жатқандығы анықталған. Есептік мерзімге 14 жер иелерінің 733,7386 га жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал қалған 4 жер иелерінің 131,3 га жерлері иесіз мүлік ретінде есепке алынған.

0
0
117

Еще по теме