МАҢҒЫСТАУДА 1 МЛН 944 МЫҢ 700 ГЕКТАР ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Ауыл шаруашылығы мақсатында 302,4 мың гектар жерді пайдалану бойынша веб-портал арқылы 297 жер пайдаланушыға хабарлама жолданды. Облыс бойынша космомониторинг жобасы аясында, «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы пайдаланылмай жатқан 2 млн.302 мың гектар 364 жайылым жерлері анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов мәлім етті. Оның айтуынша, Маңғыстау облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үлесін 0,7 % арттыру көзделген. Бүгінгі күні 122,7 мың гектар жер учаскесі айналымға енгізіліп, көрсеткішке артығымен қол жеткізілді.«Маңғыстауда 1 млн 944 мың 700 гектар жер учаскесі жерг…