ЖҰРТ БОЛЫП ЖАҢЫЛЫССАҚ ТА, ...
Сайлауалды бағдарламаны насихаттау және Бірлесу ауыл округінің шекара аймағында орналасқан ауыл халқының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында мен 28- гвардия және Диқан ауылдарына ат басын бұрдым. Ел іргесіндегі ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі- егіншілік, ерте өнімге арналған әрекеттері байқалып- ақ тұр. Ауыл ақсақалы Д.Қантбековпен және ауыл ағаларымен болған сұхбатымда "Nur Otan" партиясының Сайлауалды Бағдарламасымен таныстырдым. Ауыл тұрғындары ә дегеннен партияның мына қиын- қыстау кезеңде көрсеткен қолдауларын айтып, бағдарламаның бағыттарына ризашылық білдірді. Әсіресе, ирригациялық ағын су жүйелерін қалпына келтіру мен ауыл шаруашылық техникаларын 60% жаңарту;
Мал тұқымын асылдандыру;
Шағын және орта бизнесті дамыту;
Жаңа жұмыс орындарын құру;
Ұлттық спортты дамытуға арналған бөлімдерге "бәрекелді" десті диқандықтар. Әрине, тіршілік қазаны қайнап жатқан тұста кемшілік те кездеспей қалмайды, ауыл тұрғындарының көкейде жүрген түйткілді мәселелерін түртіп алдым. Ол міндетті түрде аудандық партия штабына жеткізілетін болады.
Ия, қарап отырсам қарапайым халық келер күнге үмітпен күнделікті тіршілігіне кіріскен, тіпті кейбірінің сөйлесуге уақыты жоқ. Ол тіршілік талабы, лайым еңбектері жана берсін. Қашанда халықпен бірге болған "Nur Otan" партиясымен халық та бірге боларына сенім мол. Посттың соңын кеше ғана ашық алаңда партия атынан дебатқа қатысқан Айдос Сарымның сөзімен аяқтасам : "- Жұрт болып жаңылыссақ та, ұлт болып ұтылуға хақымыз жоқ" Ия, бұл нақты түйін!
