Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БАЛА БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ.

Ия, бала тәрбиесі де партияның басты назарда. ​ «Адамның адамшылығы ақылы, ғылымы, жақсы ата, жақсы ана,жақсы ұстаздан болады. Адам баласын бауырым деу жүректің ісі»

Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында.

Бүгін «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Абдикаримова, У.Омарова және З.Исабаевалар​ ауданның кәсіпкерлік орталығының мәжіліс залында кәсібін бала тәрбиесіне бағыттап жүрген кәсіпкер әйел азаматтар, яғни жекеменшік балабақша меңгерушілері және құрылтайшыларымен кездесу өткізді.

Ж.Абдикаримова: «Ата-ана өз баласын махаббатың нұрына бөлеп,қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» - деп бабымыз айтқандай баланы​ бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға «Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» - деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады.​ Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ.​ Тіпті баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата-аналар бар. Бала тәрбиесі - қиында күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғаның қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш – жігердің қажет етеді» - деп өз ойын жеткізді.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының кәсіпкерлік сала мен бала тәрбиесіне қатысты бөлігін жете түсіндірді.

Атап айтқанда, ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшаларда ​ білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін,​ 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізу үшін балабақшаларда қосымша топтар ашуға қол жеткізетінін жеткізді.

Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы:

Мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін​ әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын​ енгізуге;

балаларды​ инклюзивті біліммен қамтуды 60%-ға​ дейін арттыруға;

​ «Қамқорлық»​ жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тартатын болады.

Кәсіпкер аналар​ Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Әл - Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дегенді айтып, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып бала тәрбиесін қолға алып отырған педагогтар қауымы​ «Nur Otan» партиясын қолдайтынын жеткізді.

0
0
199

Еще по теме

БАЛА БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ. - Yvision.kz