Перейти к содержимому

Новое

ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ

ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясы Кәсіпкерлерді қолдайды!

Түркістан облыстық Н.Аширов,А. Перналиев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер

Н.Айтмурзаев, Е.Буденбаев, Ғ.Ташимов, Б. Бердалы, А. Қайрат, Г.Тулешова, А.Құрбан С.Рақымов ауылында, Г.Тәжібаева Алтынтөбе ауылында:

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін де жағдай жасайтын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 5 азаматқа грант ұсынуға;

- мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 400-ден аса азаматтардың гранттар (150) мен шағын несиелер (250) алуыға;

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге (кәсібін кеңейту, қызмет көрсету саласына) ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 98,0%-ға жетеді деп, бағдарлама 7 бағытты қамтып,онда барлық салалар қамтылғандығын айтып өтті.

Республика, облыс, аудан көлемінде жасалған «Nur Otan» партиясының бағдарламалық кітапшаларын ауыл тұрғындарына таратты.

Кездесу соңында, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
202

«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ

Жаңабазар ауылында болған  «Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев үй үйді аралап, «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Кездесу барысында, сайлаушыларға коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі ерекше және өзекті болып отырғандығын, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатынын, өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру, халық тығыз орналасқан елді мекендердегі мал жайылымдар мәселесін оңтайлы шешу, қосалқы шаруашылықтарды одан әрі дамыту мен жақсарту үшін мемлекет тарапынан қолдау, аудан аумағында арнайы агроаймақ құру жұмыстары жалғастырылатындығы жайлы бағдарламаның бөлімдеріне түсінік жүргізді..

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

ü «Асыл бастау. kz» ЖШС-нің майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру өндірісін ашуға;

ü «Сапа-2002» ЖШС-нің мал бордақылау кешенін 20 000 басқа ұлғайтуға;

ü 5000 бастық бордақылау алаңын салуға (ЖК «Р.Мамбеталиева»);

ü қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді;

ü кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетеді;

Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлесі артып, мүйізді ірі қара мал саны 10,0%-ға, қой саны 15,0%-ға артады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 2,5 млрд. теңгеге жеткізіледі деп айтып өтті.

Кездесу соңында ауыл тұрғындарын алдағы науқанда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
175

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ

Жаңабазар ауыл округінде орналасқан «Байтүгел» ӨК-де болған    «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мөлдір Бақытжанқызы Бақытжанова, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылармен экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткерлер сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында түсініктеме беріп, ауыл шаруашылығы саласында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы ел экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғандықтан ауыл шаруашылығын дамытудағы нақты шараларды ұсынып отырғанын жеткізді.

Үміткерлер өз сөзінде әрбір аудан тұрғыны бақуатты өмір сүруге құқылы. Сол себепті халықтың ынтымағын ойлайтын, елді бірлікке шақыратын, еліміздің гүлденіп әлемдегі өркениетті елдердің көшіне қосылатын елге айналуға бағытталған партия бағдарламасын қолдай отырып «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!-деді.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
153

ҮГІТ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мөлдір Бақытжанқызы Бақытжанова, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев Жаңабазар ауылында болып, мәдениет үйінде білім саласының қызметкерлермен кездесті.

Жиын барысында үміткерлер сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген басым бағыттарды тізбектеп берді.

Үміткерлер алдағы уақытта білім мен ғылымға, денсаулық сақтау саласына, мәдениет пен спортқа бөлінетін қаржы ұлғаятынын, қос қала Нұр-Сұлтан мен Алматыда 2 ғылыми-инновациялық клиника салынатынын, ал өңірлерде 20 заманауи медицина орталықтары бой көтеретінін тілге тиек етті.

Елді мекендердегі аурухана-емханалар қажетті қондырғылармен жабдықталып, 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге өсетінін атап өтті.

Сонымен қатар білім, әлеуметтік салалардағы атқарылатын іс-шараларды тізбектеп, кездесу соңында сұрақтарға заман талабына сай жауаптарын беріп, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
171

ТҰРБАТ АУЫЛЫНДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

Тұрбат ауылында «Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Аманқұлов, Ж.Сабитов, Б.Шыналиева бастаған үгіт-насихат тобы ауыл тұрғындарымен кездесті. Олар қазіргі кезде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күшке айналғанын айта келе халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасы баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар деп аталатын тарау-тарауға бөлінгенін жеткізді.

Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан ауыл шаруашылық несиелерін алу, аз қамтылған отбасыларды үймен қамтамасыз ету, Тұрбат-Қазығұрт тас жолын күрделі жөндеуден өткізу, таза су мәселесі, ауылды заманауи абаттандыру, жылыжайларға көмір қышқылын сүзіп алатын қондырғылар орнату жайында қойылған сұрақтарға заң талаптарына сай жауаптарын берді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
175

«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ

Жаңабазар ауылында болған «Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев үй үйді аралап, «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Акция барысында үміткерлер ауыл тұрғындарымен жүздесіп, аман-саулық сұрасып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Кездесу барысында сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттермен, Елбасы тапсырмаларымен таныстырып, ауыл шаруашылығын көтерудің басты бағыттарын айқындап берді. Сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға өздерінің тұщымды жауаптарын берді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
150

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ

Жаңабазар ауыл округінде орналасқан «Байтүгел» өндірістік кооперативінде болған «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мөлдір Бақытжанқызы Бақытжанова, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылармен экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткерлер сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында түсініктеме беріп, ауыл шаруашылығы саласында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы ел экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғандықтан ауыл шаруашылығын дамытудағы нақты шараларды ұсынып отырғанын жеткізді.

Үміткерлер өз сөзінде әрбір аудан тұрғыны бақуатты өмір сүруге құқылы. Сол себепті халықтың ынтымағын ойлайтын, елді бірлікке шақыратын, еліміздің гүлденіп әлемдегі өркениетті елдердің көшіне қосылатын елге айналуға бағытталған партия бағдарламасын қолдай отырып «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!-деді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
142