ҮГІТ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ
«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мөлдір Бақытжанқызы Бақытжанова, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев Жаңабазар ауылында болып, мәдениет үйінде білім саласының қызметкерлермен кездесті.
Жиын барысында үміткерлер сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген басым бағыттарды тізбектеп берді.
Үміткерлер алдағы уақытта білім мен ғылымға, денсаулық сақтау саласына, мәдениет пен спортқа бөлінетін қаржы ұлғаятынын, қос қала Нұр-Сұлтан мен Алматыда 2 ғылыми-инновациялық клиника салынатынын, ал өңірлерде 20 заманауи медицина орталықтары бой көтеретінін тілге тиек етті.
Елді мекендердегі аурухана-емханалар қажетті қондырғылармен жабдықталып, 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге өсетінін атап өтті.
Сонымен қатар білім, әлеуметтік салалардағы атқарылатын іс-шараларды тізбектеп, кездесу соңында сұрақтарға заман талабына сай жауаптарын беріп, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
