ОҚЫТУШЫЛАР "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
Бүгін партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Аралбай Асан мен Наятулла Бөрібаев аудан орталығындағы Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің қызметкерлерімен насихаттық кездесу өткізді.Басқосуда кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарын атап, соның ішінде аймақтағы білім беру сапасын арттыру жұмыстарына тоқталды.Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиелен…










