Перейти к содержимому

Новое

ҮГІТ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мөлдір Бақытжанқызы Бақытжанова, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев Жаңабазар ауылында болып, мәдениет үйінде білім саласының қызметкерлермен кездесті.

Жиын барысында үміткерлер сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген басым бағыттарды тізбектеп берді.

Үміткерлер алдағы уақытта білім мен ғылымға, денсаулық сақтау саласына, мәдениет пен спортқа бөлінетін қаржы ұлғаятынын, қос қала Нұр-Сұлтан мен Алматыда 2 ғылыми-инновациялық клиника салынатынын, ал өңірлерде 20 заманауи медицина орталықтары бой көтеретінін тілге тиек етті.

Елді мекендердегі аурухана-емханалар қажетті қондырғылармен жабдықталып, 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге өсетінін атап өтті.

Сонымен қатар білім, әлеуметтік салалардағы атқарылатын іс-шараларды тізбектеп, кездесу соңында сұрақтарға заман талабына сай жауаптарын беріп, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
127

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Шанақ ауыл округіне қарасты Ақжар елді мекенінде «Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ.Көпжасаров және Н.Айтмұрзаев үй-үйді аралап, әйел қауымымен канвассинг-кездесулер өткізді.

Үміткерлер сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бағыттарды айқындап, атқарылар іс-шараларды тізбектеп берді.

Сонымен бірге алдағы сайлаудың тұтас қоғам үшін маңызы зор екендігін айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Бес институционалдық реформа – Ұлт жоспарын» жүйелі түрде жүзеге асырылатын жеткізді.

Сол мақсатта «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның жаңа сайлауалды бағдарламасы  әзірленіп,  алдағы бес жылда елді дамытудың тың жоспары осы құжатта толық жазылған, 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама әбден пысықталған, сүзгіден өткен құжат деді.

Кездесу соңында үміткерлер сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
103