Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ

Жаңабазар ауыл округінде орналасқан «Байтүгел» өндірістік кооперативінде болған «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мөлдір Бақытжанқызы Бақытжанова, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылармен экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткерлер сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында түсініктеме беріп, ауыл шаруашылығы саласында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы ел экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғандықтан ауыл шаруашылығын дамытудағы нақты шараларды ұсынып отырғанын жеткізді.

Үміткерлер өз сөзінде әрбір аудан тұрғыны бақуатты өмір сүруге құқылы. Сол себепті халықтың ынтымағын ойлайтын, елді бірлікке шақыратын, еліміздің гүлденіп әлемдегі өркениетті елдердің көшіне қосылатын елге айналуға бағытталған партия бағдарламасын қолдай отырып «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!-деді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
103

Еще по теме

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz