Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҰРБАТ АУЫЛЫНДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

Тұрбат ауылында «Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Аманқұлов, Ж.Сабитов, Б.Шыналиева бастаған үгіт-насихат тобы ауыл тұрғындарымен кездесті. Олар қазіргі кезде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күшке айналғанын айта келе халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасы баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар деп аталатын тарау-тарауға бөлінгенін жеткізді.

Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан ауыл шаруашылық несиелерін алу, аз қамтылған отбасыларды үймен қамтамасыз ету, Тұрбат-Қазығұрт тас жолын күрделі жөндеуден өткізу, таза су мәселесі, ауылды заманауи абаттандыру, жылыжайларға көмір қышқылын сүзіп алатын қондырғылар орнату жайында қойылған сұрақтарға заң талаптарына сай жауаптарын берді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
137

Еще по теме

ТҰРБАТ АУЫЛЫНДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ - Yvision.kz