ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ
ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ
«Nur Otan» партиясы Кәсіпкерлерді қолдайды!
Түркістан облыстық Н.Аширов,А. Перналиев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер
Н.Айтмурзаев, Е.Буденбаев, Ғ.Ташимов, Б. Бердалы, А. Қайрат, Г.Тулешова, А.Құрбан С.Рақымов ауылында, Г.Тәжібаева Алтынтөбе ауылында:
Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін де жағдай жасайтын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 5 азаматқа грант ұсынуға;
- мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 400-ден аса азаматтардың гранттар (150) мен шағын несиелер (250) алуыға;
- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге (кәсібін кеңейту, қызмет көрсету саласына) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 98,0%-ға жетеді деп, бағдарлама 7 бағытты қамтып,онда барлық салалар қамтылғандығын айтып өтті.
Республика, облыс, аудан көлемінде жасалған «Nur Otan» партиясының бағдарламалық кітапшаларын ауыл тұрғындарына таратты.
Кездесу соңында, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
