ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ӘРБІР ТҰРҒЫН ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУЫ МАҢЫЗДЫ
Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттіген кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Еркін Сарбасов, Жасұлан Садықов, Мөлдір Сарыпбекова «Халыққа қызмет көрсету» орталығында тұрғындарымен кездесті.Келелі кездесуде сайлаушыларға Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.Елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етті. Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артып, мектептер мен балабақшалар көптеп салынатынын жеткізді.«Алда өмірдің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу жалғасатын болады. Қуатты деректер орталықтарын салып, трансшекаралық талшықты-оптикалық к…