ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ЕГІЗҚАРАЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Кездесуге ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Сауран аудандық Қоғамдық штаб мүшелері Кыпшакбаев Темирхан, Раматуллаев Арсылан және Мұсаев Сейдахмет қатысты.
«Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей еңбек адамының құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құрамыз» - деді штаб мүшесі Мұсаев Сейдахмет.
Қоғамдық штаб мүшелері сайлауалды бағдарламада ауыл шаруашылығы экономиканың дамытудың драйверіне айналғанын алға тарта отырып, алдағы уақытта ауылды өркендетуге басымдық берілетінін атап өтті.
«Әділетті Қазақстанды құру ісінде әр адамның рөлі айрықша. Халықтың әлеуетін арттырып, қолайлы жағдай жасау – Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты мақсаттарының бірі. Сондықтан баршаңызды кандидатымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне топтасып, дұрыс таңдау жасауға шақырамын», – деді Т.Кыпшакбаев.
Кездесу соңында штаб мүшелері жиналған қауымды еліміздің болашағы үшін алдағы сайлауда белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.
#TOQAEV2022
