Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ӘРБІР ТҰРҒЫН ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУЫ МАҢЫЗДЫ

Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттіген кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Еркін Сарбасов, Жасұлан Садықов, Мөлдір Сарыпбекова «Халыққа қызмет көрсету» орталығында тұрғындарымен кездесті.

Келелі кездесуде сайлаушыларға Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.

Елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етті. Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артып, мектептер мен балабақшалар көптеп салынатынын жеткізді.

«Алда өмірдің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу жалғасатын болады. Қуатты деректер орталықтарын салып, трансшекаралық талшықты-оптикалық күрежол жүргізу және халықаралық ірі IT-компанияларды тарту міндеті тұр. IT-компанияларда кем дегенде 150 мың жаңа жұмыс орнын ашып, цифрлық технологиялардың экономикаға қосқан үлесін ІЖӨ-нің 1 пайызына дейін жетеді. Ұялы байланыстың бесінші буыны (5G) барлық облыс пен аудан орталығында пайда болады. Бұл шараларды алыс болашақта емес, жақын арада жүзеге асыруда жалпыхалықтық қолдау қажет»- деді штаб мүшесі Мөлдір Сарыпбекова.

Сондай-ақ, сенімді өкілдер кандидаттың бағдарламасында халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғаны жөнінде толық ақпарат беріп, үгіт-насихат парақшаларын таратты.

#TOQAEV2022

0
0
209

Еще по теме

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ӘРБІР ТҰРҒЫН ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУЫ МАҢЫЗДЫ - Yvision.kz