ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МАҚТАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Гүлжан Убайдина Асықата кентіндегі «Багара Мақта» ЖШС мақта зауытында жергілікті шаруалармен, зауыт қызметкерлерімен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында штаб мүшелері үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Әділетті Қазақстанды құру жолында атқарылып жатқан саяси және экономикалық реформаларға тоқталды.
Сонымен қатар, Президенттікке үміткер Қ.К.Тоқаевтың жақтастары аграрлы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен кәсіпкерлікке жасалып жатқан қолдауларды жұртшылыққа кеңінен түсіндіріп, қабылданған бағдарламалардан құлағдар етуді де ұмыт қалдырмады.
«Күн көрісі агросекторға тікелей байланысты Жетісай ауданында да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жыл санап өнім көлемі, суармалы жердің игерілуі, каналдардың тазалануы, зәулім ғимараттар мен заманауи мектептердің бой көтеруі артып келеді. Мұның бәрі де ел үшін жасалып жатқан игі істер, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қамқорлықтар» деген штаб мүшелері шаруалар мен зауыт қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Пікірлерін тыңдады.
Жүздесу соңында елдегі атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген шаруалар 20 қараша күні болатын Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлына қолдап, дауыс беруге уәде етті.
#Сайлау2022
#TOQAEV2022
