ЖЕРГІЛІКТІ ШТАБ МҮШЕСІ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРЛЕРДІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Штаб мүшесі С.Жұман аталған кездесуде Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ауылшаруашылық саласының тармақтарын ауыл тұрғындарына таныстырды.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданып, бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылатындығы бағдарламада көзделген.Өздеріңізге белгілі экономиканың маңызды саласы ретінде еліміз ауылшаруашылығын дамытуға баса назар аударып отыр. Осы бағытта мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, қаржылай көмек беру де қолға алынғанын атап өтті.
Кездесу барысында азаматтарға ауылшарушылығын субсидияландыру бойынша пікір алмасып, оны қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндірді.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары жергілікті штаб мүшелерімен аудандағы ауылшаруашылық саласының мәселелерін ортаға салып, пікір алмасты.
Кездесу соңында ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында аталған басымдылықтарға қолдау көрсетіп, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.
#TOQAEV2022
