Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА – БАСТЫ НАЗАРДА

аудандық қоғамдық штаб төрағасы, “Amanat” партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов пен штаб мүшесі Асқар Қайназаров Қазыбек би ауылдық округі, Таубай ата елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сұрақтар қойылып, пікірлер талқыланды.

Кездесу барысында мемлекет басшысының бастамасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейту және 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу ұсынғандығын айтылды.

Сәбилердің ата-аналарының жанында көбірек болып, атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру жолындағы азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісіндегі маңызды қадамдардың бірі болған бастамалардың аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктірілетіні тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапты.

#Сайлау2022

0
0
133

Еще по теме