Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ АУЫЛ БИЛЕРІ – ҚОҒАМ ЖАНАШЫРЫ

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалынад халықтық коалицияның аудандық қоғамдық ​ жанындағы қоғамдық штаб төрағасы А.Жұмабеков Абай ауылының көше билерімен кездесу өткізді.

Ахмет Жұмабеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде азаматтардың мүддесі бірінші орынға қойылғанын, бұл тұжырымдаманың нақты мысалын қарапайым қазақстандықтардың бюджет қаражатын жұмсауға араласуынан байқауға болатынын, адамдардың нақты сұраныстары мен қажеттіліктеріне сүйене отырып, салық заңнамасына енген өзгерістер негізінде ​ жеңіл автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларына арналған утильалым 50 пайызға төмендетілгенін, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін халықаралық тасымалдауға арналған ауыл шаруашылығы техникаларына баж салығы салынбайтынын, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру бойынша акция өткізіліп, азаматтар өз көліктерін 250 мың теңге төлеп заңдастыру жайлы өзгерістер енгізілгенін, сонымен қатар, шетелден әкелгеніне 3 жылдан 7​ жылға дейінгі мерзім болған автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшерін 50 АЕК-ке дейін төмендету мәселесі пысықталып жатқанын айтып өтті.

Абай ауылының «Шығыс» мөлтекауданының биі Рахматулла Ермеков еліміздегі белсенді азаматтардың сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатты мектеп құрылысына аудару туралы бастамасы Қ.К.Тоқаев тарапынан қолдау тапқанын, азаматтарды мемлекеттік қаражатты бөлуге белсенді тартудың тағы бір мысалын еліміздің әртүрлі қалаларындағы халық қатысатын бюджет жобасының мәні – кез-келген қала тұрғыны қалалық ортаны дамыту туралы өз идеясын ұсына алуға қол жеткенін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл ең әуелі, азаматтардың жан айқайын еститін және түсінетін Қ.К.Тоқаев екенін, Қасым-Жомарт Кемелұлының ​ Президент лауазымындағы қызметінің нәтижелерін жоғары бағалай отырып, «адамдар үшін және адамдармен бірге» деген ұстанымын қолдайтынын жеткізді.

Жиынға қатысқан билер қауымы ауылдың өзекті мәселелері мен шешу жолдарын талқыға сала отырып, бүгінде Қазақстанда мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын іс жүзінде қозғайтын ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын, түбегейлі өзгерістер мен батыл шешімдердің уақыты келіп, басқа мүмкіндік болмайтынын, сол үшін Әділ Қазақстанды, Жаңа Қазақстанды құруды әр шаңырақтан бастауға халықты үндеп, алдағы сайлауға қатысуға шақыратындарын жеткізді.

#TOQAEV2022

0
0
296

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ АУЫЛ БИЛЕРІ – ҚОҒАМ ЖАНАШЫРЫ - Yvision.kz