Перейти к содержимому
zhanibek.nurotan.kz

Жанибекский филиал

@zhanibek.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 18 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Жанибекского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

251

жазбалар

824

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Партиялық бақылау аясында

Партиялық бақылау аясында таяуда «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Берік Ықсанов Жәнібек ауылында салынып жатырған спорттық–сауықтыру кешенінде болып, құрылыс барысымен танысты. Бұл нысан «КПО б.в.» компаниясының тапсырысымен осы компанияның қаражаты есебінен салынуда.Бұдан бұрын құрылыс жұмыстары бойынша мердігер болып танылған «Марасант» ЖШС өзінің құрылысты іске асыру жөніндегі міндеттемелерін тисіті деңгейде атқармағандықтан тапсырыс беруші «КПО б.в.» компаниясы аталған серіктестікпен шартты бұзып, кешенді салу жұмыстарына қайталап конкурс жариялаған. Конкурс нәтижелері бойынша «СКФ Наурыз»» ЖШС жеңімапз болып танылып, бүгінгі күні б…

0
0
102

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткер Илемесов Ескайыр, Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Губашев Біржан және сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев Борсы ауылының сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды бағдарламасының бағыты тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру туралы кеңінен айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясын қолдап, дауыс беруге шакырды.

Партиялық бақылау аясында

Партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Берік Ықсановтың қатысуымен және партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Жәнібек ауылының батыс бетінде салынып жатқан екі қабатты жаңа үйлердің құрылысында болып, құрылыс жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Энергоремсервис» ЖШС болып анықталған,техникалық қадағалаушысы «Shanurak Jobalau» акционерлік компаниясы белгіленген.

Жәнібек ауылында ұйымдастырылған «Канвассинг» шарасына қатынасты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты аудан көлемінде жүзеге асырылып жатырған сайлауалды үгіт жұмыстары шеңберінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бауыржан Қарақұлов бекітілген кестедегі Жәнібек ауылында ұйымдастырылған «Канвассинг» шарасына қатынасты. Шара барысында Б.Қарақұлов ауыл тұрғыны, зейнеткер Бақыт Бақтыгерееваның үйінде болып, отбасы мүшелерімен кездесу өткізді.Кездесуде Б.Қарақұлов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, партия тарапынан жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы хабардар етті.Өз кезегінде Бақыт Бақтыгереева шара ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп,«Тыныш болсын еліміз,Құйқалы…

0
0
131

Жақсыбай ауылында жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді.

Бекітілген кестеге сай "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат И.Илемесов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Губашев және сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев Жақсыбай ауылында болып, жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуде қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.

0
0
130

"Әлем" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті

Бекітілген кестеге сай "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат И.К.Илемесов, сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев, "Әлем" шаруа қожалығының жетекшісі И.К.Илимисов "Әлем" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде Б.Ә.Әліпқалиев сөз алып партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтіп, партия тарапынан жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды. Бұдан басқа, И.К.Илемесов партияның ауыл шаруашылығы саласын дамыту және оған қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатырған жұмыстарға тоқталды. " Nur Otan" партиясы осы міндеттерді іске асыруды басымдық ретінде белгілегендігін көрсетті.

0
0
130

"Есіктен есікке" акциясы аясында

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тахир Зинурұлы және Берік Ихсанов "Есіктен есікке" акциясы аясында ауылы тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Отбасыларда өткен жүздесуде шаңырақ иелері «Nur Otan» партиясының ел дамуындағы үлесінің зор екендігін атап өтіп, алдағы сайлауда бас партияға сенім білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.

0
0
127

Талов ауылының тұрғындарымен кездесті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт шеңберінде Талов ауылының мәдениет үйінде жергілікті тұрғындардың «Nur Otan» партиясынан партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттармен кездесуі өтті.Кездесуге қатысқан облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар И.К.Илемесов, Б.Е.Губашев және сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев сөз сөйледі. Кездесуде Б.Ә.Әліпқалиев сөз алып қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.Өз кезегінде Біржан Губашев «Nur Otan» партиясын…

0
0
128

Есіктен-есікке акциясы аясында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді

Жәнібек ауылында, аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидат Сағадатов Елдос есіктен-есікке акциясы аясында үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп Жәнібек ауданынының сайлау алды бағдарламасымен таныстырды. Жәнібек ауылының тұрғындарына өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді. Сонымен қатар ондағы тұрғындардың жағдайымен танысып, ауылдың бар мәселелер туралы сөйлесті.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
122

Үгіт насихат жүргізілді.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық мәдениет үйінде алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына ауыл тұрғындарымен үгіт насихат жүргізілді.

Кіріспе сөзінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қайырғалиұлы Қуаналиев жиналғандарғанға алдағы сайлауда партия алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Шара барысында сөйлегендер партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Тахир Зинұрұлы Кадимов және сайлауалды штабтың мүшесі Бекет Алипкалиев өткізілетін сайлауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау және оларды үгіттеп, насихаттау бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды атап өтті.

0
0
118