Жәнібек ауылында ұйымдастырылған «Канвассинг» шарасына қатынасты
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты аудан көлемінде жүзеге асырылып жатырған сайлауалды үгіт жұмыстары шеңберінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бауыржан Қарақұлов бекітілген кестедегі Жәнібек ауылында ұйымдастырылған «Канвассинг» шарасына қатынасты. Шара барысында Б.Қарақұлов ауыл тұрғыны, зейнеткер Бақыт Бақтыгерееваның үйінде болып, отбасы мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Б.Қарақұлов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, партия тарапынан жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Бақыт Бақтыгереева шара ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп,
«Тыныш болсын еліміз,
Құйқалы болсын жеріміз.
Егеменді ел болдық,
Еңсемізді көтеріп.
Бүгілмесін беліміз,
Ауыр күндер өтті ғой басымыздан.
Қиындық көріп өстік жасымыздан,
Дауысымызды берейік бір ауыздан.
Жасасын партиямыз «Nur Otan», – деген шұмақ сөздермен «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған кандидаттарға алдағы сайлауда жеңіске жетуін тілеп,
«Қос індеттен еліміз аман болсын,
Салауатты гүлденген заман болсын.
Қосылып отыз елдің қатарына,
Тіл көзден Қазақстан аман болсын», – деп, өзінің ақ батасын берді.
Кездесу соңында Б.Қарақұлов отбасы мүшелеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихаттық материалдарын таратты.

