Жақсыбай ауылында жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді.
Бекітілген кестеге сай "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат И.Илемесов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Губашев және сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев Жақсыбай ауылында болып, жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуде қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.


