Талов ауылының тұрғындарымен кездесті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт шеңберінде Талов ауылының мәдениет үйінде жергілікті тұрғындардың «Nur Otan» партиясынан партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттармен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқан облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар И.К.Илемесов, Б.Е.Губашев және сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев сөз сөйледі. Кездесуде Б.Ә.Әліпқалиев сөз алып қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.
Өз кезегінде Біржан Губашев «Nur Otan» партиясының ауылдық елді мекендерді қолдау және дамыту бойынша қабылдаған шараларын туралы атап өтті. И.К.Илемесов соңғы уақытта партияның «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанына назар аударды.


