Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау аясында

Партиялық бақылау аясында таяуда «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Берік Ықсанов Жәнібек ауылында салынып жатырған спорттық–сауықтыру кешенінде болып, құрылыс барысымен танысты. Бұл нысан «КПО б.в.» компаниясының тапсырысымен осы компанияның қаражаты есебінен салынуда.

Бұдан бұрын құрылыс жұмыстары бойынша мердігер болып танылған «Марасант» ЖШС өзінің құрылысты іске асыру жөніндегі міндеттемелерін тисіті деңгейде атқармағандықтан тапсырыс беруші «КПО б.в.» компаниясы аталған серіктестікпен шартты бұзып, кешенді салу жұмыстарына қайталап конкурс жариялаған. Конкурс нәтижелері бойынша «СКФ Наурыз»» ЖШС жеңімапз болып танылып, бүгінгі күні бұл Мердігер спорттық–сауықтыру кешенінің құрылысын жалғастыруда.

Мердігер, құрылыс жұмыстарына жауапты жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілген Партиялық бақылау барысында құрылыс қарқыны сараланып, іске асырылып жатырған жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету және оларды уақтылы атқару қажеттілігнеі баса назар аударылды.

Спорттық–сауықтыру кешені құрылысына қатысты Партиялық бақылау шаралары аладғы уақытта жүйелі түрде жүзеге асырыла беретін болады.

0
0
103

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау аясында - Yvision.kz