"Әлем" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті
Бекітілген кестеге сай "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат И.К.Илемесов, сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев, "Әлем" шаруа қожалығының жетекшісі И.К.Илимисов "Әлем" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде Б.Ә.Әліпқалиев сөз алып партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтіп, партия тарапынан жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды. Бұдан басқа, И.К.Илемесов партияның ауыл шаруашылығы саласын дамыту және оған қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатырған жұмыстарға тоқталды. " Nur Otan" партиясы осы міндеттерді іске асыруды басымдық ретінде белгілегендігін көрсетті.


