Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткер Илемесов Ескайыр, Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Губашев Біржан және сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев Борсы ауылының сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды бағдарламасының бағыты тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру туралы кеңінен айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясын қолдап, дауыс беруге шакырды.


