Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана әуежайын қайта атау туралы

Өзімізге өте қажет әрі тиімді болған немесе басқа да себептерге сай қабылданған түрлі шешімдерді ақтауға тырысып, шетелдік тәжірибеге (әсіресе батыс елдерінің тәжірибесіне) сілтегенді «біз» жақсы көреміз. Сол батыс елдерінің өкілдері бізге, мысалы, сайлауларыңыз халықаралық стандарттарға сай емес деп сын айтқан кезде, «біз» оларға: шаруаларың болмасын, бізде нелерің бар (?), біз сендерге ұқсамаймыз, біздің жөніміз бөлек! - деп жиі жауап қайтаратынымыз бар ғой.

Сонда қалай, біз ғаламдық трендке (үрдіске) сай дамудамыз ба, әлде ешкімге ұқсамайтын өзіндік жолмен келеміз бе?!

Шетелдік тәжірибеге басымдық берсек: ең алдымен, елге қазіргі заман талаптарына сай, үлкен әрі келіп-кететіндер мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасалған, бағалары шектен аспайтын әуежай қажет сияқты.

Өз ерекшеліктерімізге басымдық беретін болсақ: әуежайға онда неге ұлы хандар, ағартушы ғалымдар мен көрнекті жазушылардың есімі берілмейді? Әлемде атақты жазушылардың аты берілген әуежайлар бар ма өзі?!

Елдің атын өзгерткеннен гөрі, әуежайдың атауын өзгерту әлдеқайда оңай шаруа екен...

Осы күнге дейін өзіміздің кім болғанымызды ұмытпасақ екен. Кейде Қазақстан тарихы соңғы екі-үш жылдан ғана бастау алады деген әсер қалады...

0
0
624

Осы тақырып бойынша