Болашақ энергиясы

Ел аузындағы терминдер туралы
Әйгілі канадалық ғалым Вацлав Смилдің «Адамзат тарихы – сайып келгенде, энергияны игеру мен оны пайдаланудың түрлі технологияларының даму тарихы» деген сөзі негізсіз емес.
Әлемдік энергетиканың бүгінгісі мен болашағы туралы пікір-таласта жаңа/ескі технологиялар енді климаттың өзгеруі мен тұрақты даму проблемалары тұрғысынан қарастырылатын болды. Аяқталуға жақын ЭКСПО-2017 көрмесінің "Болашақ энергиясы" деген тақырыбының негізгі түйіні де осында.
Аталған тақырыпқа байланысты кезінде жұмыс бабымен біраз ізденіс жасап, ең жиі кездесетін терминдер мен ұғымдар тізімін жасаған едім. Сол тізімнен іріктеп алынған 20 термин мен сөз тіркесінің ағылшынша-қазақша баламалары төмендегідей:
Advanced biofuels
Жаңа биоотын түрлері
Clean energy technologies
Экологиялық таза энергетика технологиялары
Climate change adaptation
Климаттың өзгеруіне бейімделу
Electric car
Электромобиль (электрлік автокөлік)
Energy mix
Энергетикалық баланс /отын-энергетикалық теңгерім (санам)
Environmentally friendly energy source
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін энергия көзі
Fossil fuel
Қазынды отын
Global warming
Ғаламдық жылыну
Greenhouse gases (GHG)
Парниктік газдар /жылыжай газдары
Light-emitting diodes
Сәуле шығаратын диодтар
Nuclear fusion
Термоядролық (термоөзектік) синтез
Oil and gas recovery
Мұнай және газ өндіру (шығару)
Renewable energy sources
Жаңартылатын (жаңғырмалы) энергия көздері
Smart grid technology
«Ақылды» энергожүйелер/ интеллектуалдық электр желілері
Solar battery (rechargeable solar battery)
Фотоэлектрлік күн батареясы
Solar generator (solar plant)
Күн электр станциясы (гелиоқондырғы)
To tackle climate change
Климаттың өзгеруіне қарсы күресу
Waste management
Қалдықтарды кәдеге жарату (қалдықтарды өңдеу, жинау, жою)/қалдықтарды басқару
Wind power generator
Желдік генератор
Zero-energy building
Энергияны қажет етпейтін ғимарат.
Толығырақ: Энергетика, климаттың өзгеруі және тұрақты даму саласында жиі кездесетін терминдер, сөздермен сөз тіркестерінің «Болашақ энергиясы» атты анықтамалығын қараңыз.
