Ислам: өнер туындылары мен қастерлі жәдігерлердің суреттері
Төмендегі үш фотосуретті өзім түсіргенмін. Үш түрлі елде әр жылдары түсірілген бұл суреттерге ортақ бір тақырып – Ислам діні.
Бұл постта суреттердің өзін көрсетіп, олардың қысқаша сипаттамасын жасаумен ғана шектелуді жөн көрдім. Мәтіннен гөрі, көрнекілік маңызды сияқты.

«Ислам ағымдары» (Sects of Islam) атты түс кілем. Метрополитен мұражайы, Нью-Йорк, 2009 жыл.

Каир Университетінің мәдени құндылықтар жинақтамасынан (Мысыр, 2005 жыл). Суретте Мұхаммед Пайғамбардың Жәбрейіл періштемен бірге түнгі саяхаты және жеті қат көкке көтерілген сәті (Исра және Миғраж түні) бейнеленген. Мұхаммед Пайғамбар салт мінген ақ жануар - Бурақ (кейбір діни аңыздарда ол адам бейнесіндегі қанатты тұлпар кейпінде көрсетіледі).

Топкапы сарайының мұражайы, Ыстамбұл, 2005 жыл. Мұхаммед Пайғамбар аяғының ізі түскен қалып. Оң жақта – Мұхаммед Пайғамбардың мазарынан әкелінген құм сақталған сауыт. Сол жақта – Мұхаммед Пайғамбардың тісі сақталған сауыт.
Қасиетті Рамазан айы қабыл болсын!
