Мазмұнға өту
useryandex1432835540

Назира Бурханова

@useryandex1432835540

Сайтта 2022 ж. 25 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

22

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Стамбұл 2023 жылы круиздік туризмнің орталығына айналады

Қаракөй ауданында қалпына келтірілген тарихи мекен Стамбұлдың қарқынды дамып келе жатқан круиздік туризміне әлемнің назарын аударады.

Жағалауының ұзындығы сегіз мың шақырымнан асатын Түркия Жерорта теңізі бассейніндегі өте әдемі туристік аялдамалар мен сүйікті порттардың мекеніне айналған. Түркияның негізгі круиздік туристік хабтарының бірі ретінде Стамбұл және оның негізгі порты Галатапорт Стамбұл гастрономиядан – саудаға, өнер мен мәдениетке дейін тарихқа және т.б. ерекше және әртүрлі қызыққа құмар саяхатшыларға ерекше тартымды.

Былтыр Галатапорт Стамбұл 150-ге жуық кеме мен 350 мың жолаушы мен экипаж мүшелерін қабылдады. Ол барлық талғамға ұнайтын саналуан бағдарлама ұсынады. Круиздік туризмнің артқанын көрсететін Стамбұл – көптеген круиздік желілер мен әртүрлі ауқымдағы кемелер тұрақтайтын мекен.

Галатапорт Стамбұл  Жерорта теңізі ойпатынан Қара теңізге дейінгі кең аймақтағы круиздік туризмге үлкен серпін беріп, елдің туризмі мен экономикасына елеулі үлес қосты. 2014 жылы порт аумағы басып алынған кезде порттың негізгі қызметі 15 пайызы болса, Галатапорт Стамбулды өз порты ретінде пайдаланатын кемелердің үлесі қазір 50 пайызға дейін өсті және бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға күш салынуда.

Стамбұлдың ежелгі цистерналарынан алғашқысы – жерасты круиздік терминал

Галатапорт Стамбулда 29 000 шаршы метр жерасты круиздік терминалы бар, бұл круиздік саяхатшыларға ыңғайлы және қиындықсыз саяхатты қамтамасыз етеді. «Red Dot Design Award» сыйлығын жеңіп алған жерасты круиздік терминалы заманауилық пен мәдени мұра қатар жүретін дизайнымен таң қалдырады. Интерьерде Рим және Византия империяларынан бастау алған Стамбұлдың ескі цистерналарының тарихи сәулеті мен сипаты ерекше.

Босфордың қақ ортасында ерекше мекен

Круиздік кемелердің барлық түрлеріне арналған Галатапорт Стамбұл осы аймақтың тарихи және мәдени құрылымымен ерекшеленетін Қаракөйде орналасқан. Жағалауда түрік және халықаралық, ұлттық тағамдар дайындайтын мейрамханалары, өнер орталықтары, жабық және ашық көрмелер бар. Жергілікті брендтермен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін түрлі шаралар,  жолаушылар мен экипажға арналған бағдарламалар круиз қонақтары үшін өте маңызды.

Galataport Стамбұл адам аяғы арылмайтын Қаракөй аймағында, Тарихи түбекке жаяу қашықтықта орналасқан, Ұлы Айя София мешіті, Сұлтанахмет мешіті, Топкапы сарайы және Базилика цистернасы сияқты көрнекті ғимараттар көп. Үлкен базар, дәмдеуіштер базары, Галата мұнарасы, Таксим және Долмабахче де портқа жақын.

Galataport Стамбұл кешенінде Бейнелеу өнері университетінің Стамбұл кескіндеме және мүсін мұражайы да орналасқан. 19 ғасырда Сұлтан Абдүлмеджид салған және Galataport Стамбұл жобасының бір бөлігі ретінде қалпына келтірілген Топхане сағат мұнарасының орны бөлек. 14 000 шаршы метрге созылатын Сағат мұнарасы алаңында жыл бойы түрлі сахналық қойылымдар, арнайы ашық көрмелер, мәдени іс-шаралар және Бейоглу мәдени маршрут фестивалі сияқты халықаралық фестивальдар өтеді.

Сабина Сабит, Алматы қаласы, №24 лицейдің 11-сынып оқушысы.

0
0
535

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи өз сөзінде "Шымбұлақта" болғанына қуанышты екенін айта келе, тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыс етті.

Сертификатты тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу – теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте "Талғар асуы" станциясында өтті.

"Шымбұлақ" тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғаны туралы сіздерге хабарлауға қуаныштымын. Бұл әлемдегі жаңа рекорд", – деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.

"Бүгін тарихи күн. Біздің "Шымбұлақ" тау шаңғы курортымыз Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл бүкіл ел үшін үлкен жетістік. Әрине, біздің әлеуетіміз зор, "Шымбұлақ" еліміздегі туризмді дамытудың негізгі орындардың бірі болып табылады. Жалпы, қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің араласуымен нақты қадамдар қабылдануда. Атап айтқанда, елімізде алдағы жеті жылға арналған туризм саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Біз жергілікті атқарушы органдармен, серіктестермен, бизнес қоғамдастықпен бірлесіп инфрақұрылымды және туризмімізді дамытатын боламыз", – деді Асхат Оралов.

Шара соңында қызыл лента салтанатты түрде кесіліп, ең биік түнгі тау шаңғысы трассасымен төмен қарай жаппай сырғанау өтті.

Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте түнде шаңғымен сырғанау 2021 жылдың қарашасында басталған еді. Осы уақыт ішінде жүздеген мың адам түнгі уақытта ең жоғары нүктеден түсіп үлгерді.

Тау шаңғы курортының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 жылғы маусымда түнгі шаңғымен сырғанауға 50 346 турист келген, биылғы маусымда 10% есе көп келді, яғни, 55 486 келушілер болды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылғы маусымда күніне 12 520 адам келсе, биылғы маусымда курортқа 1 миллионнан астам адам келіп үлгерді.

0
0
664

«Болмаған балалық шақ» қойылымына бардыңыз ба?

«Болмаған балалық шақ» жайлы білесіз бе?

Белгілі ақын Ақберен Елгезектің жиырма бірінші ғасырдың үздік прозалары қатарына енген  туындысы Ғ. Мүсірепов балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарын толықтырды.

«Болмаған балалық шақ» жайлы білесіз бе?

"Болмаған балалық шақ"  қойылымы  автор балалық шағына сапар шектіретін шығарма шынайылықпен, өмірде болған оқиға желісіне негізделіп жазылған. 

Әрбір адамның өмірінде балалық шақ ерекше маңызға ие. 

Суреттер  интернеттен алынды. Екі түрлі состав.

Менің ойымша,  режесер Фархад Молдағалиевтің кез келген жобасы   ешкімге ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Фархад қойылым дүниеге келместен бұрын автор мен  шығармашылық ұжым арасында кездесу жасаған екен. 

Спектакльдың  прьемерасында көрермен залында ине шаншар орын болмады.  Әрине, кез келген қойылымы аншлагпен өтетін театрға бұл таңсық емес. Дегенмен, бұл жолғы атмосфера ерекше болды. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  балалар мен жасөспірімдер театрының фойесінде жазушының кітаптары мен түрлі ашық хаттардан тұратын кішігірім жәрмеңке ұйымдастырылды.

«Болмаған балалық шақ» жайлы білесіз бе?

P.S. Балалық шаққа саяхат жасағыңыз келсе, жүрегіңіздегі кірден арылғыңыз келсе, осы қойылымға міндетті түрде барыңыз, көрермен дер едім. 

0
0
798

«Тақия: "Қыздардың ойында не бар?» романтикалық комедиясы

Жуырда Алматыда Tiger Films компаниясының кезекті туындысының жабық көрсетілімі өтті. 

Туындыда жас жұбайлар арасындағы отбасылық тіршілік пен ата мен немеренің байланысы әзіл-қалжыңмен, астарлы оймен жеткізіледі. Жаңа картинаның премьерасы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті. 

Премьераға түсіру тобы мен актерлер, кино саласының өкілдері жиналды. 

Комедияның сценариін Майра Фазыл мен Ілияс Қыдырбаев жазған. Бұл Tiger Films компаниясының 12-ші толықметражды фильмі.   

Ернат Байұзақ, фильмнің режиссері: - Бұл фильм отбасылық фильм деуге болады. Басты рөлдегі жігіт ыздардың ойын оқу арқылы өзінің әйеліне көңіл бөлмей қалады да, сөйтіп, әйелі кетіп қалады. Қайтадан барып кешірім сұрайды. Спойлер болмасын, жалпы осындай сценрий желісімен құрылған комедия. Былай айтқанда, бүкіл көрерменге арналған, жалпы көрерменге арналған фильм.

Көпшіліктің сүйікті актрисасына айналған Асел Сағатова фильмде басқа қырынан танылады.

Еркін сиқырлы тақияны дұрыс пайдалана ала ма? Оның жауабын фильмді көрген соң біле аласыздар. Картина 16 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

#Комедия

#Тақия

0
0
2837

Театрға барып жүрсіз бе?

Театр -  нағыз өнердің ордасы. Сергу үшін барасың да, рухани байып қайтасың. Адамға эмоциялық көңіл-күй тарту ететін актерлер де бар шеберліктерін салып, өз энергияларын сахна төрінде жұмсайды.  Осылайша жұмыс пен үйде болатын мәселелерден демалып қайтуға болады. Сондай-ақ сахнада болып жатқан қойылымнан жаныңа жақын кейіпкерді алып, негативті энергияңды сол кейіпкермен алмастырсаң болады.  Әрине, ол өзіңе байланысты.  Егер театрға жиі барып тұрсаң, энергияңды да тұрақтандыра аласың. Ол сенің барлық проблемаға қарсы тұруыңа септігін тигізеді. Барлық жұмыс біздің организмімізде жүзеге асады. Егер адам позититвті көңіл күйде жүретін болса, организмде серотин гормоны бөлінеді. Ал ол тым аз мөлшерде бөлінсе, адам ашуланшақ, әрі әлсіз болады. Серотин гормонын көп мөлшерде бөлу үшін театрдың пайдасы зор

Театр – адамның рухани серігі десем артық айтқандық болмас.

 Теардың өз көрермені бар, мұнда келмейтіндер осы ағылшын жазушысының ұстанымымен жүргені дұрыс шығар. Енді мынаны қараңызшы, Сәкен Сейфуллин қазақ театрын ашқан кезде былай деген екен: «Театрға құлағы естімейтін адам келсе, ол сахнада болып жатқан іс-әрекетті көзімен көріп, түсініп, содан ләззат алуы керек. Ал егер көзі көрмейтін зағип кісі келсе, ол тыңдап ләззат алуы керек»,- деп дәл айтқан.

Театр – халықтың айнасы.  Ал, сіз қашан соңғы рет театрға бардыңыз көрермен?

Назарларыңызға Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының наурыз айының репертуарын ұсынамын. Театрда кездесейік, ағайын!

#МүсіреповТеатры

#АлматыТеатр

#Балалардыңмәденидемалысы

#руханиазық

0
0
484

Қасиетті Рамазан айын Стамбұлда өткізіңіз

Түрік мәдениетінде «Он бір айдың сұлтаны» аталатын Рамазан айы – іштей Жаратқанды тану, сабыр сақтау, бармен бөлісу, құлшылық ету мен  ораза ұстау айы. Биыл Рамазан айы 23 наурыздан 20 сәуірге тура келеді. Стамбұлға асыққан туристер Рамазанның қалалық әдет-ғұрыптары мен мәдениетін көзбен көреді. Адамдар сүйіспеншілік, мейірімділік және төзімділік көрсетуге күш салатын ортада уақыт өткізеді.

Рамазанның берекесі барлық жерде сезіледі

Стамбұлдағы қасиетті айда мешіттердің мұнараларына ерекше жарықтармен безендірілген жазулар ілінеді. Османлыдан қалған мұралардың бірі – жарапазан айтатын барабаншылар. Олар таң атқанша көшелерді аралап, барабан соғып, Рамазан туралы аяттарды айтып, таң намазының алдында сәресіге оятады.

Рамазан айында ораза ұстау – қалыптасқан рәсім. Сәресіде алатаңнан басталатын ораза ақшам намазымен және зеңбіректер дыбысымен аяқталады. Кешке ауызашарда үлкен дастархандарда бас қосатын адамдар бір жұтым су мен бірнеше зәйтүн немесе құрмамен ауыз ашады.

Стамбұлдың үйлеріндегі ауызашар дастархандары Рамазан айының сән-салтанатын көрсетсе, қаланың кафелері мен мейрамханалары дәстүрлі тағамдардың бай мәзірін ұсынады. Оның ішінде буы бұрқырап, жаңа піскен Рамазан нандары қаланы керемет хош иіспен толтырады. Бұл кезеңде ең танымал тағам – түріктердің “Гүллах” деген тіскебасары. Сүт, раушан суы, анар мен ерекше қамырдан жасалатын гүллахты түріктер “баклаваның атасы” деп атайды.

Сәресі алдындағы дәстүрлі ойын-сауық

Стамбұлдың мешіттерінде ауызашарлан кейін оқылатын тарауих намазы құлшылық пен жамағаттың Жаратқанға деген сезімін күшейте түседі. Түрлі алаңдарда, әсіресе тарихи Сұлтанахмет ауданында намаздан кейін дәстүрлі Рамазан ойын-сауықтары басталып, қала мен оның тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Қала алаңдарында діни әңгімелер, поэзия кештері мен халық қойылымдары – музыка, би және әңгімелер ұйымдастырылады. Әсіресе, ауыз әдебиетінен мұраға қалған «Қарагөз бен Хадживат» кейіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі қуыршақ театрлары балалардың да, үлкендердің де көңілін көтереді.

Стамбұлдың киелі жерлеріне рухани саяхат

Стамбұлды Рамазан айында ерекше ететін тағы бір мәселе – оның киелі жерлері.  Мұхаммед пайғамбардың сахабасы Халид бин Зейд Эбу Эйюб Ел-Энсаридің қабірі орналасқан Эйүп Сұлтан Камии мешіті. Рамазан айының алғашқы оразасы тұтылған Оруч баба бейіті, Юша төбе (Юша пайғамбардың қабірі орналасқан деседі), Яхья Эфендидің қабірі. Сонымен қатар Айя София, Сұлтанахмет мешіті, Османлының падишаһтары салтанат құрған Топкапы сарайы да туристердің сүйкті мекеніне айналған. Hz. Мұхаммедтің қасиетті жәдігері Хирка-и-Шерифті Рамазан айы бойы Хирка-и-Шериф мешітінде көруге болады.

Стамбұлда айт қуанышын сезініңіз…

Стамбұлда ғибадатпен өткізілген бейбіт Рамазан айымен қоштасатын Айттың алғашқы күні мерекелік дұғалармен тойланады. Көрші-қолау, туған-туыспен арқа-жарқа араласып, үлкендерге сәлем беру үшін қонаққа баратын сәт. Мереке кезінде қаладағы саябақтар мен алаңдарда ине шаншар жер қалмайды. Айттың құрметіне түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, көңілді уақыт өткізуге жағдай жасалады. Сырлы Туған-туыстар бас қосқаннан кейін айт мерекесі балаларды мерекелік ықыласпен тамашалау үшін қалалық саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында жалғасуда. Тарихи орындарды, дәстүрлі тәжірибелерді және Рамазаннан шабыттандырылған ойын-сауықты ұсда ине шаншар жер болмайды. Халық натын Стамбул биылғы Рамазан айында қонақтарын күтуде.

0
0
407

Түркия GSTC 2023 жаһандық тұрақты туризм конференциясын өткізеді

Тұрақты туризм мен саяхат үшін жаһандық стандарттарды белгілейтін және осы стандарттарды іске асыруды қадағалайтын Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесі (GSTC) биылғы басқосуға Түркияны таңдады. GSTC – туризм мен саяхатты дамытудың жаһандық шарттарын белгілей отырып, тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым.

Сонымен қатар тұрақты туризмнің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін әлемдік көшбасшылармен түрлі шараларды жүзеге асырады. Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан онлайн режимде өткен конференциялар сериясы былтыр Испанияның Севилья қаласында ұйымдастырылған. Түркия да қатысқан 2022 GSTC Тұрақты туризм конференциясында 2023 конференциясының Түркия Туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) тарапынан білдірілген ұсыныстан кейін Антальяда өтетіні жарияланды. Жиында қатысушылар үшін арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып,  Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасына арналған уақыт бөлінді.

0
0
611

“Runtalya” (“Ранталья”) халықаралық марафоны

Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. Маусымның ашылу жарысы ретінде “Runtalya” 47-ден астам елдің спортшыларын қабылдады. Ерлер арасындағы марафонда Үзеир Сойлемез 2 сағат 23 минут 35 секундта жеңіске жетсе, әйелдер арасында Наталья Гюртен көш бастады.

Биылғы жылы “Рантальяда” төрт кезең (2 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым және 42 шақырым) бір уақытта ұйымдастырылып, барлық жарыстар Антальяның орталығында басталды. Қаланың ең көрікті және көрнекті туристік орындарын 42 шақырым бойы жағалай жүгірген марафоншылар Калеичи, Адриан қақпасы, Дуден сарқырамасы және әйгілі Лара жағажайлары сияқты сұлу мекендерді көрді. Жарысқа кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысып, оларды мәремсызығында ондаған мың жергілікті тұрғын мен шетелдік қонақ қарсы алды. “Ранталья” балалар мен жүгіруді енді бастағандарға да мүмкіндік берді.  Мысалы, «Балалар жарысы», «Биік өкшемен жүгіру» және «1-қадам – 1 өмірлік жарыс» – соның айғағы.

“Ранталья” жарысы – Антальяда 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл марафон тәжірибесіз марафоншылар мен кәсіби желаяқтарды біріктіруге бағытталған шара. Салауатты өмір салтын ұстану, спортты сүюге үндейтін додаға қызығатындар саны жыл сайын артып келеді.

0
0
515

Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбында басқосу өтпек

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді.

2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын екі күндік бағдарлама ICCA және AC форумының мүшелерін, сондай-ақ қауымдастық мүшелерін және медицина саласындағы негізгі мүдделі тараптарды біріктіреді.

ICCA мен AC форумының ынтымақтастығы «Медициналық кездесулердің болашағы» денсаулық сақтау саласына ерекше назар аудара отырып, үш жылға арналған жоспарларды қамтиды. Былтыр 6-8 шілдеде Францияның Канн қаласында өткен шара TGA, Түркия Туризмді дамыту агенттігінің ықпалымен, Стамбұлда ұйымдастырылмақшы. 

Денсаулық сақтаудың болашағына арналған Стамбұл кездесуі медицина саласының ірі ойыншыларының көмегімен саладағы түйткілдерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Іс-шара постпандемиядан кейінгі әлемде медициналық емдеулердің сапасын жақсартуға және Стамбұлдың осы нарықтағы үлесін кеңейтуге бағытталған. 

Штаб-пәтері Амстердамда орналасқан ICCA - 1963 жылдан бері әлемнің 100-ге жуық ел мен аймақтарында 1100-ден астам мүшесі бар жетекші ұйым. Оған қаланың жарнама және маркетинг кеңселері, халықаралық конгресс және конференция агенттіктері, басқа қонақжайлылық компаниялары және кездесулер мен қатысушыларды орналастыру қызметтерін ұсынатын орындар кіреді. ICCA өз мүшелері арасындағы ынтымақтастық пен байланысты жақсарту үшін аймақтық бірлестіктерде жұмыс істейді. Түркия Жерорта теңізі аймағындағы мүше мемлекет ретінде ICCA-мен серіктестік келісіміне қол қойды және өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырды. Конгресс басшылығы мен басқару мәселелерімен айналысатын AC Forum өзін-өзі басқаратын қауымдастықтар құрған жалғыз ұйым ретінде ерекшеленеді. Коммерциялық әсерлерден аулақ, кәсіби аралық озық тәжірибелер мен идеялар алмасу арқылы AC Forum мүшелері қауымдастық басшылығы мен Конгресс басшылығын ілгерілету және оны жоғары деңгейге жеткізу үшін ақпарат алмасады.

Сонымен қатар, елдегі MICE (конгресс туризмі) секторының мүдделі тараптары ICCA AC форумы – Денсаулық болашағы кездесулерінің алдында ICCA Destination серіктестігімен дайындалған ICCA Стамбул саммитінде кездеседі. Осы орайда, 5 маусымға жоспарланған саммит ICCA AC форумының тиімділігін арттыруға бағытталған.

0
0
612

Әрбір балаға қажет қойылым

Қоғам өмірінде маңызды орын алатын, әрбір адам білуге және ұстануға тиіс салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, өрт қауіпсіздігі және жол жүру ережелерін қаншалықты жетік білеміз?!

Күнделікті өмірде осы ережелерді қатаң сақтап жүрміз бе?! Бүлдіршіндер қызығушылығына сай интерактивті бағытта сахналанған «Есте сақта, балақай!» қойылымы осы сауалдарға жауап іздейді.

Астары терең тәрбиеге ие жауапкершілікке, тазалыққа, жақтылыққа, кішіпейілділікке шақыратын қойылым көрермендерді бейжай қалдырмасы анық.

Жақында мен қызымды осы спектальге апарған болатынмын. Қызыма қатты ұнағанын жасырмаймын.

Шыққан соң бірден қуыршақтарды "сөйлетуге" асықты.

Театр атмосферасы керемет. Ойлары ешқандай рамкаға сыймайтын қызым осы фонда суретке түсіп мәз болды:)

Актерлік құрамға респект.

Актерлер жанды ойнағаны соншалық, бала тұрмақ менің өзім қызығып көрдім :)

Сіз білесіз бе?

Қуыршақ театры – елімізде жаз кезінде жұмыс жасайтын жалғыз театр. Елдегі өнер ұжымдары шілде мен қыркүйек аралығында демалысқа кетіп, маусымды жапса, Қуыршақ театры маусымды екі-үш күнге ғана жабабалды да, жаз бойына талмай еңбек етеді.

#қуыршақтеатры

#естесақтабалақай

#қоғамережелері

#балағакерек

0
1
960