Мазмұнға өту
Книги
Книги

Книги

931 жазбалар567 тіркелуші

Рецензии, обзоры, мнения

Жап-жаңа ертегі: Жасөспірімдер кітабы күні - Новая, новая сказка: День юношеской книги

2023 жылғы 27 қазанда ЫбырайАлтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында. жыл сайынғы Кітап мерекесі — жасөспірімдер кітабы күні болып өтті. Биылғы жылы біз оқырмандарға аз уақыт ішінде бүкіл әлем бойынша саяхат жасауға мүмкіндік бере отырып, оқырмандарды әртүрлі елдердің қиял-ғажайып әдебиеттерімен таныстыруды шештік. Мерекеге Қостанай мектептерінің жоғары сынып оқушылары арнайы шақырылды. Кітапхана фойесінде фото аймақ жасалды, егер сіз сұрақтарға дұрыс жауап берсеңіз, ғажайыптар еліне және Өрмекші ұясына кіре аласыз.Викториналық сұрақтарға жауап бергенненкейін балалар кітапхана залдарын аралап, өздерін әртүрлі елдердің заманауи авторларының сиқырлы кітаптарының кейіпкерлері ретінде сезінуге аттанды. Германия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және Ресейдің фэнтезиінеар…

0
0
982

«Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ»: кітап көрмесі = «STOP коррупция»: книжная выставка

Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған тұрақты кітап көрмесі жаңартылды. Осы тақырып бойынша мерзімді басылымдардан жаңа басылымдар қосумен қатар, біз сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз жақтары туралы әңгімелейтін көркем әдебиеттер таңдауын кеңейттік. Және де сыртқы бейнесін де өзгерттік. Көрме қазіргі заманда да, өткен ғасырларда да өзекті тақырыптардың бірі болды. Кітаптар сыбайлас жемқорлық тек пара алу ғана емес, сонымен қатар қызмет бабын теріс пайдалану екенін еске салады.В отделе научно-популярной литературы обновилась постоянная книжная выставка, посвящённая противодействию коррупции. Помимо добавления новых публикаций из периодической печати на эту тему, мы расширили подборку художественной литературы, рассказывающей о вреде коррупции. И, кон…

0
0
730

Дала жұлдызы - Ы. Алтынсарин: мектептер арасында батл

2 мамырда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» мектептер арасында батлойынының 1кезеңі өткізілді. Білімсайысы алаңында қаламыздың№15мен №17жалпы білім беретін мектептерікездесті. Ойын 6 кезеңнен тұрды. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, әңгімелеріментанысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешті.

Сайыс қорытындысы бойынша №17жалпы білім беретін мектебіжеңіске жетті. Оқушыларды ойынға дайындап, серіктестікке көмек көрсеткен мұғалімдер де алғыс хатпен марапатталды. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

0
0
791

«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдың мерейтойлары»

Сұлтан Қалиев 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды. Балаларға арнап жазған көптеген әңгімелері, өлеңдері бар.

0
0
867

#Кітапхананың_мерейтойы

#Қызықты_оқиғалар #Кітапхананың_мерейтойы #65_жыл #Ыбырай_Алтынсарин_атындағы_кітапхана #А_Гайдар_атындағы_балалар_кітапханасы #Жасөспірімдер_кітапханасы

#Славные_истории #Юбилей_библиотеки #65_лет #Библиотека_имени_Ибрая_Алтынсарина #детская_библиотека_имени_А_Гайдара #Юношеская_библиотека

0
0
578

«Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауының финалы

«Сөз құдіреті» - тарихы бар байқау. 10 жылдан бері он екі-он үш жастағы балалар қазақстандық және шетелдік жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінділер оқуда жарысып келеді.Байқау "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы аясында өтіп, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған.Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:«Мұра» - Орынтай Айзере, Қостанай ауданы;«Әртістік шеберлігі үшін» - Квинт Жасмин, Денисовска ауданы;«Ерекше таңдау» - Әжғалиева Нұрай, Қостанай қ.;«Үздік бейне» - Мукомолов Константин, Қарабалық ауданы;«Шығармашылық эссе» - Зубаль Даниил, Қостанай қ.Байқау жеңімпаздары:1 орын - Адай Бекарыс, Науырзым ауданы;2 орын - Алдамұратов Азат, Лисаков қ.;3 орын - Абжан Нұрикамал, Арқалық қ.Байқаудың демеушісі "Баян Сұлу" конд…

0
0
608

«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдың мерейтойлары» хронограф Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл

23 сәуір екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толып отыр. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдер мен қарапайым жауынгерлердің ерлігін шынайы баяндайтын көптеген шығарманың авторы.

0
0
1053

Ж.Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде»

Кітапта ағылшын жазушысы Ж.Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде» атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Мұнда Гулливердің басынан кешкен қызықты оқиғасы бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отыр. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

0
0
794

Проза шежіресі

Біздің кітапхана 65 жылдан бері оқырмандарына кітап таңдауға көмектесіп келеді. Жаңа кітаптар үнемі түсіп тұрады. Кітаптардың көп болғаны жақсы, бірақ өзіңе «міне менікі» деген кітапты таңдау қиын. Сондықтан оқырмандарымызға көмектесу үшін біз МИФ баспасынан (Манн, Иванов және Фербер) Проза шежіресін қарап, оны өз қорымызға сәйкестендіріп, жасап қойдық.

Бұтақтар – бұл тақырыптар, жанрлар, бағыттар. Өзіңізге ұнайтын нәрсені таңдаңыз. Әр бұтақта біздің кітапхананың көптен бергі тұрғындары мен жаңадан келген кітаптар да бар. Сізге кез келген кітаптан бастасңыз болады. Ағашқа сіз оқыған немесе енді оқығыңыз келетін тақырып бойынша кітаптарыңызды қоса аласыз. Бұл ағаш сіздің көмегіңізбен өседі, келіңіз және оны толықтырыңыз.

0
0
787

«Таңғажайып Шоко»: Жазушы Рүстем Сауытбаймен онлайн-кездесу

Қазақ тілінде алғаш фэнтези жанрына қалам тербеген жазушы - Рүстем Сауытбай. Кітапхана қабырғасында 10 сәуірде оқырмандар сүйікті жазушысымен онлайн-кездесуге мүмкіндік алды. Кездесуге қаламыздың М. Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ-нің 6 сынып оқушылары келді. Оқырмандар жазушыға кітап бойынша, жеке өмірі туралы, балалық шағы туралы әртүрлі сұрақтар қойды. Әңгіме барысында жазушының негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі екенін білді. Бұл балалар үшін жаңалық болды. Іс-шара соңында Рүстем Серікұлы балаларға жақсы тілегін айтып, балалар да ол кісіге шығармашылық табыс тілеп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

0
0
821