Мазмұнға өту
Здоровая жизнь
Здоровая жизнь
547 жазбалар326 тіркелуші

Всё о здоровье, практические советы, здоровый образ жизни

Денсаулық еліне саяхат = Путешествие в страну Здоровья

«Әйгерім-Ай» жеке меншік мектебінің 4 және 5 сынып оқушыларына, пайдалы және зиянды әдеттер мен күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы шағын әңгімелесуден басталған Денсаулық еліне саяхат жасады.

Саяхат балаларға күн бойы жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлады.

#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

Учащиеся 4 и 5 классов частной школы «Айгерим-Ай» совершили путешествие в страну Здоровья, котороеначалось с небольшой беседы о здоровье, о полезных и вредных привычках и важности соблюдения режима дня. Путешествиеподарилодетям много хорошего настроения и заряда бодрости на весь день.

0
0
656

Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбында басқосу өтпек

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді.2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын екі күндік бағдарлама ICCA және AC форумының мүшелерін, сондай-ақ қауымдастық мүшелерін және медицина саласындағы негізгі мүдделі тараптарды біріктіреді.ICCA мен AC форумының ынтымақтастығы «Медициналық кездесулердің болашағы» денсаулық сақтау саласына ерекше назар аудара отырып, үш жылға арналған ж…

0
0
473

Газдалған сусынның зияны. Кока-кола

Ми қайнатар ыстықта шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар. Бірақ мойындау керек, сол адамдардың қатарында да өзіміз бармых. Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен? Батыс Қазақстан облыстық сараптама және сертификациялау ұлттық…

0
1
1287

Маңғыстауда «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз» айлық өтеді

Аталмыш айлықты өткізудегі мақсат: туберкулез ауруының алдын-алу, диагностика, емдеудің заманауи әдістері және фтизиопульмонология қызметінің қазіргі даму үрдістері туралы мәліметтерді халыққа жеткізу болып табылады. 2022 жылға Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны: «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз» деп аталады. Елімізде соңғы жылдары туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалда оң динамикасы байқалуда. Мұны соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішінің республика бойынша орта есеппен 2,4 есеге (100 мыңға 86,6-тен 36,0-ге дейін) төмендеуі, өлім-жітім көрсеткіші 4,9 есеге (100 мыңға 8,4-дан 1,7-ге дейін) төмендегені, ал облыс бойынша орта есеппен 2,0 есеге (100 мыңға 84,9-тен 43,1-ге дейін) төмендеуі, өлім-жітім көрсеткіші 8 есеге (1…

0
0
918

Сенің бетің қандай?

Бала болған соң кейбір сөздің мағынасын жете түсінбейді. Сондықтан жаман сөздер де айтып жатады. Кейде айтылуын келтіре алмайды да, жақсы сөздің өзі ұят сөзге айналады.

- Біз қуырдақ жейміз кешке, - дейді папасы.

- Біз қуутақ жемейміз, біз ет жейміз, - дейді қызы.

Әрине, бұл сөзді естіп күліп жібердік.

Өткен түні маған қарап:

- Сенің бетің қандай? - деп сұрады. Ойбай, не дер екен, жаңа ғана бетіме май жағып едім (ол майды жақтырмайды) деп ойладым.

- Сенің бетің әдемі боп тұр ғой, - деді.

Мұндай комплимент естимін деп ойламаған басым, көңілім көтеріліп қалды. Інімнің қызы болса да, өз қызымдай көрем. "Мен сенің қызыңмын" деп айтатыны тағы бар.

0
2
1021

Құран аяттарымен емдеу

Алла Тағала күллі адамзатты: «Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді» («Юнус» сүресі, 57-аят.), «Біз Құраннан имандылар үшін шипа және мейірім түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят.), – деп сүйіншілейді. Жүрек Құранмен тазарады, тыныштық табады, көркем мінез-құлыққа бастайды. Кейбір адамдар тәкәппарлық, қызғаныш, күншілдік, қанағатсыздық, құмарлық, екіжүзділік, күйзеліс секілді жүрек ауруларына шалдығып, емделу шараларын қарастырып, психологтардың есігін қағып жатады. Асылында, мұндай науқастың дәрігерлері – Пайғамбар (с.ғ.с.) мен ізгі ғалымдардың жолын ұстанушылар екенін ұмытпайық. Алланың сөзі Құран – дәрі-дәрмек секілді. Дәріні уақытынан кешіктірмеу әрі дәрігерлер бұйырғандай етіп қабылдаудан дер…

0
0
2615
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз