Мазмұнға өту
useryandex1432835540

Назира Бурханова

@useryandex1432835540

Сайтта 2022 ж. 25 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

22

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

"Әкім Әйел" киносының қызықтары

Қарапайым әйел мемлекеттік қызмет істеп көрмесе де, ауылдың ахуалын жақсы біледі. Өзі күтпеген жерден әкім болады. Сол сәттен бастап күнделікті үйреншікті өмірінде қызықты өзгерістер мен оқиғалар басталады.

«Әкім әйел» фильмінің түсірілім тобы күні кеше прьмера өткізді. Фильм Жетісудың көрікті жерлерінде түсірілген. Есік қаласы жанындағы алмабақта басталған жұмыстың негізгі бөлігі Жаркентке жақын жердегі Қоңырөлең ауылында жалғасады. Оқиға өмірден алынған.

Ауыл әкімін сайлау кезінде бәсекелесетін ешкім табылмай әкім өзінің еден жуушы әйелді тіркеп қояды. Ал әкімді жақтырмайтын ауыл тұрғындары әдейілеп еден жуушыға дауыс береді. Сөйтіп күтпеген сенсация болып ауыл әкімі болып еден жуушы әйел тағайындалады. 

 «Әкім Әйел» фильмінің режиссері -  Ернат Байұзақ.

Кинодағы әйел бейнесін Нұргүл Мыңғатова ойнайды. Дарынды актриса бұған дейін «Япыр-ай» фильміне және «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Келінжан» сериалына түсіп, ел ықыласына бөленген болатын. 

P.S. Алда қыз-келіншектер мейрамы, наурыз мейрамы, сондықтан  жақыныңызды қалай қуантсам болады деп ойлап жүрсеңіз, өмірден алынған осы "Әкім әйел" киносына апарсаңыз, бір сергіп қалатыныңыз сөзсіз. Жеңіл, әзілдері жанды, ой саларлық фтльм деп толықтай айта аламын.

#әкімәйел

#кино

#8наурыз

#Сыйлық

#TigerFilms

0
0
888

"Бақыт" әрбір адам көруі керек кино

Жақында 72-Берлин Халықаралық кинофестивалінің «Панорама» бөлімі бойынша бас жүлдені жеңіп алған «Бақыт» көркем фильмі алматылық көрерменнің назарына ұсынылды. Продюсер Баян Мақсатқызы мен режиссер Асқар Ұзабаевтың картинасы қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын арқау еткен. Фильмнің алғашқы көрсетілімі Kinopark 11 IMAX ESENTAI кинотеатрында өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда жыл сайын 400-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен. Ең сорақысы – зорлықшылдың әрекетін жасырып, жабатындар көп. «Азап көрген тағдырлар туралы фильм түсіру сән қуу немесе тенденцияға ілесу емес, бұл қоғамға ащы шындықты жеткізу әрекеті», – дейді фильм авторлары.

Баян Мақсатқызы, продюсер:
-Меніңше, бұл фильм  ең әуелі, қоғамның оянуына түрткі болады деп ойлаймын. Тұрмыстық қысымға көз жұма қарауды тоқтатудың басты триггері десек болады. Ал бұл киноны көргеннен кейін әр адам ой таразысына салады. Тіпті жәбірлеушінің көзқарасының өзгеретініне күмәнданбаймын. 

«Бақыт» фильмі бір отбасындағы жылдар бойы жалғасып келе жатқан зорлық-зомбылықтың ауыртпалығын баяндайды. Тұрмыста қысым құрбандар соңында өздері жазалаушыға айналады. Фильмде басты рөлдерде Лаура Мырзахметова, Ерболат Әлқожа, Алмагүл Қазыхан, Шынар Жанысбекова ойнайды.

Ерболат Әлқожа,  басты кейіпкердің күйеуі

Мен үшін фильмді түсіру барысында ең қиын болған нәрсе әйел баласына қол көтеру.  Жалпы, бұл проблема көп отбасында бар. Тек жабулы қазан жабулы күйінде қаатыны өкінішті.  Соның бәрінің көрсеткіші ғой, жалпы жиналған. Өзім енді ондай нәрсені қолдамаймын, сол себепті мен осы фильмге түсуге келістім.

Отбасындағы ұрып-соғу, қорлау — бұл тек Қазақстанда ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ трагедия. Фильмге шетелдік кинотанушылардың назар аударғаны да сондықтан. Әлеуметтік драманы KINOPARK кинотеатрлар желісінен тамашалауға болады. Барыңыздар, көріңіздер. Менің ойымша, бұл фимьмді әрбір адам көруі керек. Міндетті түрде көру керек деп ойлаймын. Жүректі дір еткізбей қоймайтын фильм. 

#Бақыт #Кино #Жақсыкино

#ОтбасылықКино #БаянАлагөзова 

0
0
1322

«Робот әйел" киносын көргендегі әсерім

Жақында мен Қазақстандағы толығымен қазақша түсірілген "Робот әйел" киносының тұсаукесеріне қатысып қайтқан болатынмын. Аған әсерім керемет!

«Робот әйел»  өзбек тіліндегі «Темир хотин» фильмінің  форматына  келетінін байқадым. Дегенмен, біздің менталитетке  ықшамдалғаны көрініп тұр.  Таза комедия форматында, отбасылық құндылықты бірінші орынға қойып түсірілген кино деуге әбден болады. 

Фильмнің  негізгі идеясы — отбасылық құндылық. Фильмде ауыл мен қалалық жерлердегі әйел мен ердің қарым-қатынасы жайлы және заманауи технологияларға қатысты халқымыздың көзқарасы айтылады. 

«Робот әйел» — әрбір адам көру керек  фильм.  Фильмді көрген соң басыма көптегн инсайттар келді. 

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» Барыңды бағала! Шынайы бол! 

 «Жылтырағанның барлығы алтын емес» т.б. көптеген инсайттар алдым. 

Фильмде махаббат бар, ағайындылардың арасындағы қарым-қатынас бар, көптеген қызықтар туралы да айтылады. Спойлер жасамайын, ең дұрысы өздеріңіз барып көрерсіздер:) 

#роботәйел #ЖұлдызӘбдукаримова

0
0
1898

«Қайырымды такси»  жобасы жайлы білесіз бе?

Тәуелсіздік күніне орай  Астана,  Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қалаларының көшелеріне қайырымдылық таксиі іске қосылды.  Кез келген тұрғын телефонына  «Қайырымды такси»  мобильді қосымшасын жүктеп алған кез-келген тұрғын арзан  бағаға  отандық такси шақырып, пайдалана алады. Бұл бір жағынан қауіпсіз болса, екінші жағынан халықтық жоба.  

«Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қорының қызметкерлерінің сөзінше, бұдан былай әйелдерді,  балаларды тасуға  арналған такси қызметінің түрі де жұмыс істей бастайды. Ал клиенттер такси қызметіне қатысты қандайда бір шағымды тікелей қордың басшыларына хабарласып, айта алады.  Қосымшаны жасаушы Нұрәділ Асетдиллаұлының айтуынша, такси шақыратын кез-келген адам “Қайырымды жан” деген қосымшаны жүктеп алып сол арқылы таксиге тапсырыс береді. Ал такси жүргізушілері “Қайырымды такси” дегенді жүктеп, сол жерден тіркеуден өтеді. Яғни жұмысқа тұрған кез-келген такси жүргізушісіне зейнетақы жарнасы төленіп, әлеуметтік құқықтары жан-жақты қорғалады. Жұмыс істеу тәсілдері шетелдік қосымшалармен бірдей. Қазір алты қала бойынша мыңнан артық жүргізуші тіркелген. Таксидің бағасы 400 теңгеден басталады. Әрбір шақырым 140 теңгеден есептеліп отырады. Мәселен шетелдік қосымшаларда кептелістің болуына байланысты таксидің баға саясаты тез өзгеріп тұратын болса, бұл жерде баға тұрақты болады. Бұл платформаны IT саласының 38 маманы реттеп отыр. Ал Алматы қалалық  «Қайырымды Жан» сервисының  төрағасы: Қазір көптеген адамдар қайырымдылық жасау үшін елден тікелей ақша сұрайды. Біздің басты мақсат-сол елден қаржы жинамай, такси қызметі арқылы пайда тауып, содан түскен ақшаны қайырымдылық қорға аудару. Бұл бизнес жоба емес. Мен IT саласының маманы болғандықтан, білімімді өз елімде жүзеге асырғым келді. Статистикаға сенсек, Қазақстан бойынша 10 мың такси жүргізушісі бар десек, соның  әрқайсысы күніне 20-25 мың теңгеден  пайда табады екен. Соның 20-30 пайызы шетелдік компаниялардың қосымшасына түседі.  Есептесек, шетелдік қосымшалар арқылы күніне 54 млн теңге шетел асады екен. Шетелдік қосымшалардан елге еш пайда түсіп жатқан жоқ.  Ал отандық қосымша арқылы такси шақыртсаңыз  такси жүргізушісіне берген ақшаның  13 пайызы ұсталады. Оның 7 пайызын біз «Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қорына аударамыз. Ол ақша жағдайы қиын от басыларға, науқастарға көмектесуге жұмсалады. Ал, қалған 6 пайызды жүргізушілердің зейнетақы шотына аударамыз және офисті ұстап отыруға жұмсаймыз.

0
2
1095

Жазғы маусымдағы ізгілік

«Шынықсаң – шымыр боласың» эстафеталық жарыстар, «Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығында жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар өтті. 

 «Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығы.

Жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар. 

Мақсаты: Жалпақ табанның алдын алу бойынша ұзақ мерзімді жұмыс жоспарын негізге ала отырып жүзеге асыру, нәтижеге жету.

Балабақшамызда 13 топта  346 бала қамтылған. 

Жалпақ табанның бес түрі бар: статикалық жалпақ табандар, травматикалық жалпақ табандар, туа біткен жалпақ табандар, рахиттік жалпақ табан, паралитикалық жалпақ табандар.

Балабақша ауласында 2020-2021 оқу жылында «Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығының жұмыс жоспары негізінде  іс жүзіне асырылуда.           

Массаж жақсы көмекші әсерге ие, қан айналымын жақсартады, бұлшық еттерді сергітеді.

«Шынықсаң-шымыр боласың» эстафеталық жарыстар.

Мақсаты: Бүлдіршіндердің қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы шынықтыру мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері: Бүлдіршіндердің  топтық және жеке жағдайда жаттығулар шеберлігін қалыптастыру болып табылады.

«Кітап әлеміне құрмет»  шағын көрме, «Бақытты балалық шақ» балалар шығармашылығынан сурет көрмесі

Мақсаты: Бүлдіршіндерді кітап әлеміне, шығармашылық сурет салу бағытына назар аудару, ұсақ моториканы сурет салу арқылы дамыту.

Жатқа өлең оқуға 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықта бүлдіршіндер және тәрбиешілер қатысты. Оқыған өлеңдерінің тақырыптары Отан, Алматы қаласы, Туған жер  туралы шумақтар оқылды.

1. Нуртай Нурали -3 жас

2. Амантай Жанайым -3жас

3. Қасымбек Адия -4жас

4. Бауыржан Балнұр -4жас

5. Мамид Абылайхан -4жас

6. Тағайбек Көркем -5жас

7. Кемелхан Рустем -5жас

8. Мамид Дидар -5жас

9. Жамбыл Раяна -5жас

10. Жолдасбай Аяулым -5жас

11. Мухамедраим Мәруа -5жас

12. Жамбыл Дария -5жас

13. Үсен Сая -6жас

14. Марат Медина -5жас 

Барша бүлдіршіндерге "Өсімдіктер әлемі " оқу әдістемелік кешеннің әңгімелері,  автор Гөзел Құлжабаеваның атынан сыйға таратылды.  

Маусымдық шаралар аудандық білім бөлімінің бекітілген жоспары бойынша өткізілді. Мерекелік шараға Алматы қаласы  Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Қасымбекова Айгуль Жумабековна, Қазақ радиосы редактор-жүргізуші Қазақстан Республикасы  мәдениет саласының  үздігі Гүлмира Нәлібай, Халықаралық PR сарапшы, «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешенінің жауапты редакторы  Батима Кабдолданова  қатысты.

Дана қазақ айтқан сөзі "Жұмыла көтерген жүк жеңіл " демекші  ұлттық тәрбиені нассихаттау, шымыр болу деген ұғымды күнделікті бүлдіршіндерге білім арқылы беру бізді азаматтық борышымыз. Жазғы  маусымдағы шаралардың мазмұнды өтуіне ықпал еткен ұжымға, ата-аналарға, бүлдіршіндерге ылғыс айтамын. Балабақшаның әлеуметтік желідегі 90balabaksha инстаграмм парақшасына шығармашылық жазбалалар және фотосуреттер жиынтығы жүктелді.

Алматы қаласы ,МКҚК №90 бөбекжай балабақшасының  меңгерушісі 

Гүлімжан Жайлаубаева

#өсімдіктерәлемі #90балабақша  #ГүлімжанЖайлаубаева   #ГөзелҚұлжабаева #Балаларжылы #БатимаӘскербекқызы

0
0
982