Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл тұрғындары кандидаттармен тілдесті

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлнар Жұмашева, Сымбат Абдрахманова, Ердос Әбдісаттаров және Орынша Алимбетова Қосшыңырау ауылдық округінде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізді.

Ауыл тұрғындары тарапынан әртүрлі мәселелер көтерілді. Атап өтер болсақ, жарық мәселесін және интернет желісінің қолжетімді болуын тілге тиек етті. Басқалары спорт кешені мен амбулаториялық орталықтың салуынан алға тартты.

Тұрғындар тілегін тыңдаған кандидаттар сайлауалды бағдарлама бойынша аталған бағытта жұмыс жүргізу басты жоспар екенін атап өтіп, ауыл тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Ауыл тұрғындары кандидаттармен тілдесті - Yvision.kz