Сыр журналистері пікір білдірді
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, журналист Дана Нұржігітова қалам иегерлерімен кездесті. Шараға қатысушылар бүгінгі күнге тиесілі салаға бағытталған біршама мәселелерді ортаға салды.
Жиында журналистер үшін ауқымды этика, жалақы мәселелерінен өзге тілшілер қауымының қоғамдағы орны турасындағы мәселелер қозғалды.
Аталған кездесу аясында журналистер түрлі мәселелерден өзге шығармашылық бағытты ілгерілету бағытындағы ұсыныстарын жеткізді. Дана Нұржігіт пен кандидаттар Сыр журналистері көтерген түрлі тақырыптағы проблемаларды тыңдап, кездесу мақсатына орай сайлауалды бағдарламаны тілге тиек етті.
- Тілшілер қауымы әркез ақпараттың шынайылығына мән беріп, оның жалған емес екендігіне көз жеткізулері тиіс. Билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналған төртінші билік өкілдерінің қоғам үшін орны қашан да биікте болары сөзсіз. Сіздер көтерген әрбір мәселе орынды. Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары аясында аталмыш партияның алға қойған жоспарларының нық орындалуы жолында сенім білдірулеріңіз партия үшін маңызды екенін білгейсіздер», - деді Д.Нұржігіт.
Кездесуге қатысқан үміткерлер де өз кезегінде партия тарапынан әртүрлі саланы дамытуға қатысты негізгі жоспарларды жеткізді.
