Тасбөгет кентінде келелі кездесу өтті
Қызылорда қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттар Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесіп, кент тұрғындарына өзекті болған бірнеше мәселені тыңдады.
Тұрғындар көтерген мәселелер қатарында жұмыссыздық пен сұранысқа ие сала бойынша маман тапшылығы сөз болды. Сонымен бірге, интернет желісінің қолжетімділігі де талқыға түсті.
Кездесуге қатысқан кандидаттар Ли Илларион Гукхенович, Каримова Бейбиткул Сарсемханқызы, Мұсаева Гүлшат Исақызы әр тұрғынның пікірін назарға алып, партия бойынша қалаға қарасты кенттер мен ауылдардың дамуына қатысты біршама жоспарларымен бөлісті.
