Үміткерлер Ақжарма ауылдық округіне барды
Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр ауылында Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы, Изден Анар Жарылқасынқызы, Нұртазаев Ерлан Бақытұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесуге қатысушылар тарапынан ауылдағы жұмыссыздық деңгейін азайту, амбулаториялық лаборатория салып, көгілдір отынмен қамтамасыз ету секілді мәселелер сөз болды.
Әрбір көтерілген мәселені тыңдаған кандидаттар қала іргесіндегі ауылдық округтердің дамуына бағдарламада басымдық берілгенін атап өтті. Осы негізде үміткерлер ауыл тұрғындарының да қолдауы маңызды деген пікірлерін жеткізді.
