Сақалды телефонның сыры неде? немесе сақалдылар неліктен телефон саудасымен айналысады?
Күні кеше Шымкентте телефон саудалайтын бір топ теріс діни ағым өкілдері тұтқындалды. Ресми хабарламада былай делінеді: «Бұл операция теріс ағымдардың өкілдерінен тұратын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қою үшін жасалды. Олар ұрланған телефондардың идентификациялық кодын өшіріп, оған экстремистік сипаттағы материалдарды жазып, қайта сатып отырған. Қазір осыған байланысты тергеу амалдары басталды». Бұл теріс ағымдармен күрестің басы ма әлде жеке жағдай ма оны уақыт көрсетер. Бірақ шындықты айтпай болмайды. Біз Құдайға сену тұмшалану, қауғадай сақал қою, балақты қысқарту деп білетін діни надандық белең алған заманда өмір сүріп отырмыз. Біздің жағдайымызда надандықтың кеңістігі – қараңғылық, түсі қара болып тұр. Бұл сөзіміз, бәлкім, діни азшылықтың құқын қорғайтын, «адамзаттың бәрін бауы…