Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЭКСПО ең құнды капитал

2012 жыл, 22 қараша. Бұл күні Парижде өткен ХКБ нің сессиясында біздің ел ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесін иеленгені белгілі болды. Жасырын дауыс беру арқылы 103 мүше мемлекеті Астанаға дауыс берсе, қалған 44 дауыс Льеж қаласына бұйырған еді. Біздің тақырып бәрімізге белгілі, «Болашақ қуаты-жасыл энергия» деп аталды. Бұл тақырыпты ұсынудың да өзіндік себебі бар. Жасыл энергетика ең өзекті, ең жаңа тақырып еді. Балама энергия көздерін тауып, анықтау қазірдің өзінде тым өзекті. Мұның пайдасы көп. Энергиямен қамту, сол арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету, қоршаған ортаға келер қауіпті төмендету мәселелерін шешу үшін ұсынылған тұғын. ЭКСПО көрмесі-индустрияландырудың негізгі символы деп атап жүрміз. Техника мен оның технологиялық жетістіктері мен ғылыми-мәдени жетістіктер барынша талқылауға түсетін негізгі алаң бұл. Қазірдің өзінде бұл шараға – млн нан астам адам келіпті. Бірақ, проблемалық сұрақтар да жоқ емес. Біріншіден, ЭКСПО біткенннен кейін, ғимараттар кімге беріледі? Доллар курсы, теңге жайы не болмақ деген сұрақтар әркімнің көкейінде сайрап тұр. Оны енді уақыт көрсетер…

Шарадан бірде бір мемлекет нақты ештеңе ұтпаған. Мұның инвестициялық пайдасы зор. Бұл уақыт өте пайдасын беретін инвестициялық-имидждік пакет. Сондықтан, бұған сәл уақыт күтіп, төзімділік танытқан абзал.

   
1
0
425

Осы тақырып бойынша

ЭКСПО ең құнды капитал - Yvision.kz