Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Абаев Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығында болды

Алдымен Министр «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қаринмен бірге Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығында болып, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телевизиялық телехикаясының дайындық жұмысымен танысты.

Телехикаяда қазақтың байырғы ғұрып, дәстүрлері көрсетілген, сондай-ақ, сол заманғы бақсы сарыны, бәдік, тойбастар, сыңсу, жар-жар, айтыс, қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау сияқты ұлттық музыкалық сарын молынан пайдаланылған. Түсірілім жұмысы аяқтаған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телевизиялық телехикаясы Асы жайлауында, Алматы тауында 2 айға жуық уақыт түсіріліпті.

42 минуттық 6 бөлім болатын Телевизиялық телехикаяның бас продюсері Баян Мақсатқызы. Сценарийін Аннас Бағдат жазған. Басты рөлдерде Гүлзада Тұрлаш, Ержан Мұқатаев, Бақтияр Қожа, Жақсыбек Құрманбеков, Марат Абай-Ділдалар ойнаған. Телехикая ұлттық арнаның жаңа маусымында көрерменге жол тартатын болады.

«24 сағат табиғат құшағында»

Осыдан соң Министр Абаев пен Қарин және ҚазГео Төралқа Төрағасы Төлеген Тастанбеков «24 сағат табиғат құшағында» экшн-реалити шоуы жобасының студиясына барды. Еліміздің 14 облысындағы қоршаған ортаның тылсым құпияларын көрсететін экшн шоу «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Қазақ географиялық қоғамының» ортақ жобасы.

Ақпарат "Қамшыдан" алынды

   
0
0
573

Осы тақырып бойынша

Абаев Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығында болды - Yvision.kz