«Мен қазақпынды» көрдіңіз бе?
Әлеуметтік желідегі пікірлерге көз салсақ "Мен қазақпын" жобасын көріп керемет əсер алдық деген ниеттегі ата- əжелер ерекше көп болды. Олар желіні пайдалана алмаса да, балаларының көмегімен интернеттен шықпай жүргенге ұқсайды. Тілек бір: Ұлттық мегажоба өміршең болсын! Қазақстан ұлттық арнасында «Мен қазақпын» жобасы басталды. Ал, жиналыңдар! Әсіресе, мұнда қазақтың төл өнері сыбызғыны Монғолия қазақ өнерпазын қатыстырып дүниенің төрт бұрышындағы қазақ жұртына жариялап жатқанына шын жүректен қуаныштымыз. Ауқымды жобамызға табыс тілейміз. Алтай мен Атыраудың арасындағы ұланғайыр даланы мекен еткен қазақ ұлтының өнерін, соның ішінде дəстүрлі əнін, термешілікті, күй тартуды насихаттау, дəріптеу мақсатында жаңа бір рухани белес пен шығармашылық биіктік тілеймін! «МЕН ҚАЗАҚПЫН» Мега жобасын ойлап тапқан, іскерлік танытып ұйымдастырған, қатысқан, үлесін қосқан, жанкүйер болған əр қазақтың баласына мың алғыс! Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озған дүбірлі мега жобаға қатысқан өнерпаздарға сəттілік. Қазақтың өнері дамыстың даңғыл жолымен шарықтай берсін. Расында, өнер-халықты біріктіруші, алға жетелеуші фактор деген осы болар
