Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа әліпбиде 25 әріп болады

Бүгінгі үлкен жаңалық -  Парламенттің бірлескен отырысындағы қазақ әліпбиін латыншаға көшу мәселесі болды. Қатты ұрыс-керіс, қызыл кеңірдек болған жоқ. Бір сазды, ымырамен талқыланды. Алғашқы баяндама жасаған Ш.Шаяхметов атындағы республикалық орталықтың директоры Ербол Тілешов латыншаға көшудегі қазақтың төл дыбыстарын қолданудағы теориялық ерекшеліктерге жан-жақты тоқталды.

Ербол Тілешов бүй дейді:


«Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындау бойынша әртүрлі сала мамандарынан, мекемелерден көптеген ұсыныстар болды. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдап алынды. Біз латын әліпбиіне көшу бойынша комиссия мүшелері ақылдаса келіп 25 дыбыстан тұратын әліпби нұсқасын жасап шықтық. Онда қазақтың ң, қ, ғ, ө, ә қатарлы дыбыстық таңбаларын латын әліпбиінде қалай жазылатындығы көрсетілді. Мысалы ә – ае, ө – ое, ғ – gh, ч – ch, ж – zh, ш – sh, ү – ue түрінде қолданлуы қиындық тудырмайды»

Орыс тілінен енген ц, ф, х, в қатарлы әріптердің де латын тіліне енетіні айтылды. Біздіңше, осы нұсқа тәжірибеге енгізілетін сияқты. Сіз не дейсіз?

   
       
 
0
1
529

Осы тақырып бойынша

Жаңа әліпбиде 25 әріп болады - Yvision.kz