Мьянмадағы зорлық-зомбылыққа БҰҰ араласты. Ақырын күтейік
Мәселе ушыққанға ұқсайды. Бізде, Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап еді.
Енді міне, БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етіпті. Дұрыс! бірақ, бұл туралы екі ұшты пікірлер бар. Кейбіреулер, рохинджалықтардың талап тілектері орынсыз, тым шектен шыққан десе, енді бір топ, ел басшылығын айыптап жатыр. Түркия президенті Ердоғанның телефон арқылы сөйлескені де бар.
Айтпақшы әлгі құжатта, Гутерриш Мьянмадағы этникалық азшылықты құрайтын рохинджа өкілдеріне қарсы жасалып жатқан шабуылға алаңдауышылық білдіріп отырғанын жеткізіпті. Мұсылмандардың дұрыс өмір сүруі үшін оларға азаматтық немесе басқа да құқықтық мәртебе беру керек деген мәтіндегі жазбаларын жеткізген.
Не де болса, дұғада болып, мұсылмандардың амандығын бір Алладан тілейік деген мәтінде Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы да үндеу жариялаған еді. Алла жар болсын! Ешкімді жамандыққа қимаймыз!
