Сот төрелігін іске асыру мәселелері бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен пресс-конференция
Ғ.Мүсірепов ат. ауданының сотында сот төрағасы Ж.Е.Қабыш өткізген 2014 жылғы сот төрелігін іске асырудың қорытындысы жарияланды.2014 жылғы сот жұмысы Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасымен, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасымен қойылған басым тапсырмаларды орындауға бағытталды, яғни азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, сот төрелігін сапалы түрде іске асыруға, соттың ашықтылығы мен қол жетімділігіне бағытталды.
2014 жылы 58 тұлғаға қатысты 54 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 28 тұлғаға қатысты 26 үкім шығарылды, 30 тұлғаға қатысты 28 іс тоқтатылды. Ж.Е.Қабыштың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда 2014 жылы 81 іске азайды. Бұл жағдай бойынша сот төрағасы ауыр қылмыстарға жататын қылмыстардың саны азайғанына байланысты екенін түсіндірді, сондай-ақ ауыр емес және орташа санаттарға жататын істер сотқа дейінгі кезеңде тоқтатылғанына байланысты азайды.
Осы кезеңде 489 азаматтық іс қаралды, оның ішінде үкім шығарумен 311 іс қаралды, ал 2013 жылғы 12 айда 473 іс қаралды, яғни өткен жылмен салыстырғанда 16 іске төмен.
2014 жылғы 12 айда 806 әкімшілік іс қаралды, 2013 жылғы 12 айда 901 іс қаралды, яғни өткен жылмен салыстырғанда 95 әкімшілік іске төмен.
2014 жылды қорыта келе, сот төрағасы сот ісін жүргізуде сотта медиация рәсімін қолдану бойынша белсенді жұмыс жүргізілгенін айтып өтті. Осылайша, 2014 жылы медиация тәртібінде 27 іс тоқтатылды, оның ішінде 5 іс қылмыстық іс бойынша, 4 іс азаматтық істер бойынша, 18 іс әкімшілік істер бойынша.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары сот ісін жүргізуде қызмет атқарып отырған ақпараттық технологиялармен танысты. 2014 жылы сотта сот отырысының залы дыбыс-бейне фиксациясы жүйесімен қамтамасыздандырылды, бұл сот жұмысын ашық, қол жетімді етеді, сонымен қатар судьялардың және сот жүйесінің қызметкерлеріне негізсіз шағымдарына жол бермейді.
Ағымдағы жыл елдегі жаңа құқықтық деңгейді енгізу уақыты болды, яғни бір уақытта төрт жаңа кодекс енгізілді – Қылмыстық, Қылмыстық процессуалдық, Қылмыстық атқару, сондай-ақ Әкімшілік істер бойынша Қазақстан Республикасының кодексі заңды күшіне енді.
Ж.Е.Қабыш ең үлкен қоғамдық қызығушылық танытқан іс жүзіндегі заңның жаңалықтарында толық тоқталып өтті.
2014 жылғы тапсырмалар мен жоспарлар туралы сот төрағасы сот төрелігінің алдында тұрған басты тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс алдыңғы уақытта да өз жұмысысын атқаратынын айтып өтті.
Кездесуді қорыта келе, сот төрағасы журналистерді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді және қоғамның игілігі үшін келешектегі ынтымақтастықта қызығушылығын танытты.
