Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Онлайн- қызметі қеңейтілуде

Жоғарғы Сот қалың бұқараның сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (ХҚО) бірлесіп, өзіне-өзі қызмет ету бұрыштарын ашып, енді азаматтар кезек күтпей, Жоғарғы Соттың интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы соттарға талап арызды  дербес бере алады.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық  Халыққа қызмет көрсету орталығында өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары ұйымдастырылған және аталған қызмет түрін аудан тұрғындары қолдана бастады. Жамбыл аудандық сотының кеңсесіне  «Сот кабинеті» сервисі арқылы 5 талап арыз түсті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен оларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға және «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы талап арыздарды беруге көмек көрсетіліп, кеңестер берілді. Қазіргі уақытта талап арыздар сот өндірісіне  қабылданды.
Аталған сервиз интернетке кіруге мүмкіндігі жоқ азаматтарға интернет арқылы электрондық сот арыздары және құжаттарын беруге қолайлы. «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы соттарға талап арыз беруде азаматтарда сұрақтар туындаған жағдайда, Халыққа қызмет көрсету орталығының жауапты қызметкерлері  кеңес және практикалық көмек береді.
-2
0
744

Осы тақырып бойынша

Онлайн- қызметі қеңейтілуде - Yvision.kz