Ақжар аудандық соты сот төрелігін атқару бойынша жұмысын қорытындылады
2015 жылғы 23 қаңтарда Ақжар аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, аталмыш іс-шара барысында 2014 жылдың 12 айында Ақжар аудандық сотының сот төрелігін атқару жұмысы қорытындыланды.Сот төрағасы Н.Ә. Әріпхан 2013 жылмен салыстыра отырып, 2014 жылдың статистикалық мәліметтерін келтіріп өтті.
Атап айтқанда, 2013 жылдың ұқсас кезеңінде 863 іс қаралса, 2014 жылдың 12 айында Ақжар аудандық сотында барлығы 1 103 іс қаралды, , оның ішінде:
47 тұлғаға қатысты 36 қылмыстық іс (2013 жылдың 12 айында – 33 тұлғаға қатысты 23 іс);
570 азаматтық іс (2013 жылдың 12 айында – 208 іс);
499 тұлғаға қатысты 497 әкімшілік іс (2013 жылдың 12 айында – 635 тұлғаға қатысты 632 іс).
2013 жылмен салыстырғанда істердің жалпы саны 2014 жылы 240 іске көбейген. Әсіресе, азаматтық істер 362 іске айтарлықтай көбейген (шамамен 2,7 есеге). Қылмыстық істер 13 іске көбейген (шамамен 1,5 есеге). Ал, әкімшілік істер керісінше 135 іске азайған (шамамен 0,7 есеге).
Сонымен бірге, сот төрағасы сот ісін жетілдіру мақсатында іске қосылған «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Электронды сотқа шақыру қағазы» сияқты жаңа электрондық қызметтердің іске асырылып жатқандығы жайында атап өтті.
2014 жылы Ақжар аудандық сотына «Сот кабинеті» қызметі бойынша 9 арыз түскені аталып өтілді. Мұндай талап арыздарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да беруге болады.
Іс-шараның соңында, сот төрағасы Н.Ә. Әріпхан жергілікті баспасөз құралдарының өкілдеріне баспасөз конференциясына қатысқандары үшін алғысын білдіріп, осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыратындығын жеткізді.
