Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Сот кабинеті» қызметін жүзеге асыру

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы сотында Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «сот кабинеті» қызметін қолдану жөнінде семинар-тренинг өткізілді.
«Сот кабинеті» арқылы сот органдарының сервистеріне қол жеткізуге болады. Осы қызмет арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокаты үйден, кеңседен шықпай, ғаламтор арқылы электрондық түрдегі өтініш пен арызды жібере алады.
Бүған қоса, процеске қатысушылардың арыз (өтініш) қарау барысын, іс қаралуының процессуалдық мерзімін, мемлекеттік баж салығының төленуін онлайн тәртібімен қадағалап отыру, іс бойынша сот құжаттарын қарау мүмкіндігі бар.
Іс-шара барысында жобаны іске асыру мәселелері талқыланып, талап арызды беру, тіркеу тәртібі, сондай-ақ электрондық өтінішті, сот отырысының хаттамасына ескерту беру тәртібі көрсетілді.
Пайдаланушы қосымша авторлануды қоспай, жоғарыда көрсетілген қызметтерді пайдалана алады. Ол үшін «электрондық үкіметтің» порталында «авторлануды» таңдау керек.
Осы қызмет сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігінің, сонымен бірге еліміздегі соттардағы ақпараттық технологиялардың дамуын көрсетеді.
1
0
936

Осы тақырып бойынша

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Сот кабинеті» қызметін жүзеге асыру - Yvision.kz