Жер заңнамасының проблемалық мәселелерін талқылау
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың аудандық сотында жер заңнамасының проблемалық мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Осы іс-шараға прокуратураның, аудан әкімдігінің, әділет басқармасының, жер қатынастары бөлімінің, адвокатураның өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі заңы, атап айтқанда жылжымайтын мүлiктi жария ету жөніндегі комиссияның шешiмінің және жер учаскесіне жеке меншік құқығының мемлекеттік актісінің бір-біріне сәйкес келмеуі, яғни жекешелендіру шартында көрсетілген меншік иелерінің мемлекеттік актіде көрсетілмеуі мәселелері талқыланып, дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерін білдірді.
Талқылау нәтижесі бойынша қатысушылар жекешелендіру шартында көрсетілген, ал мемлекеттік актіде көрсетілмеген меншік құқығының субъектілері бойынша проблема туындаса, басқа меншік иелеріне тиесілі жер учаскесі үлесінің күшін жою туралы арызбен сотқа жүгіну керек деген пікірге келді.
Жер учаскесінің меншік иесі меншік құқығынан бас тартуын нотариалды түрде ресімдесе, осы жер учаскесін иесіз деп тану және оны коммуналдық меншікке тапсыру туралы арызбен жергілікті атқарушы орган сотқа жүгінуге тиіс.
