Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заң көмегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының, Петропавл қалалық сотының, облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьяларының, Әділет департаменті, облыстық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына енгізілген өзгерістер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысының барысында республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерiне енгізілген өзгерістер мен жаңашылдық қатысты мәселелер талқыланды.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстері заңды күшіне енді.

Өз кезегінде 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1579 өзгерістер «Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына да енгізілді.

Адвокаттардың нақты іс бойынша іс жүргізудің тиісті сатыларында уақыт пен жасалған қылмыстың ауырлығы ескеріле отырып айқындалатын жұмыс істеу ұзақтығы талқылаудың басты тақырыбына айналды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың назары адвокаттың көрсеткен қызметі үшін төлем ақы сот отырыстарына қатысу үшін жол жүруге,  қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің тиісті сатыларында іс материалдарымен танысуға, іс жүргізу құжаттарын толтыруға қамауға алынған адамға баруға жұмсаған уақыты ескеріле отырып айқындалатынына ерекше аударылды.

Талқылау нәтижесі бойынша «дөңгелек үстелге» қатысушылар  республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу мәселелері бойынша ұсынымдар қабылдады.

 
0
0
578

Осы тақырып бойынша

Заң көмегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер талқыланды - Yvision.kz