Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Бағлан Әбдірайымов қымбат көлігін екі аяғы жоқ жігітке сыйлады

Белгілі әнші, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов қымбат тұратын BMV-сын екі аяғы жамбасына дейін кесілген Нұржан есімді мүгедек азаматқа тарту етті.Бұл сәттің де видеосын әлеуметтік желіге салған әншінің айтуынша, екі жыл бұрын өкшесіндегі жарақаттан басталған дерт Нұржанды осы күйге түсірген. Мүмкіндігі шектеулі жанның төрт баласы бар. Әбдірайымов нағыз мұқтаждықты бастан кешіп отырған отбасылардың бірі осылар деп есептейді.   «Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келеді» - дейміз. Десек те қиын-ақ. Кішкентай төрт баласы және жары бұл сынаққа қалай төтеп беріп жүргені бір Аллаға аян! Жарына мың алғыс! (Көлік) осы отбасыға лайықты деп ойлаймыз! Береке берсін!» – деп жазған әнші.Ол қара түсті қара түсті BMV-ның кілтін жаңа иесіне табыстап тұрып, әкесіне қатысты арманын орындап үл…

0
0
659

Атырау облысында білім беру мекемелері қашықтан оқытуға көшеді

Атырау облысында мектептер мен колледждердің барлығында сабақ онлайн форматта өткізіледі. Балабақшалардағы жұмыс та осындай режимге көшеді. 

undefined

Көрнекі фото: egemen.kz

Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы орта білім беретін 204 мектеп, 24 колледж, 334 балабақша бар. 

«Мектептердің 204-і мемлекеттік, ал, 20-сы жекеменшіктің иелігімен ашылған. Төтенше жағдай жариялануына байланысты 8 сәуірден бастап барлық білім беру мекемесі онлайн режимге көшеді. Өңірдегі колледждерде де сабақ онлайн форматта өтеді. Ал балабақшалар қашықтан жұмыс істейді», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

kaz.inform.kz

0
0
291

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қатыспайды

undefined

Талай жыл ауыр атлетикаға легионер тарттық. Біразын дәрімен көтердік. Ақша оңды-солды шашылды. Топырлатып алтындар алдық. Кейін оның бәрін қайтарып бердік.
Енді не болды?
Тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қатыспайтын болды.

Бек Төлеудің жазбасы

0
0
261

Су басқан өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай толық бақылауда тұр

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.Мамандар бұл тұрғыда жағдайдың қалыпты екенін айтады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, он өңірде халықтың денсаулығын сақтау мәселесін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударылған. Медицина қызметкерлері құтқарушылармен және басқа да шұғыл қызметтермен қатар барлық мұқтаж жанға медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді.«Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған он өңірде 3 мыңға жуық медицина қызме…

0
0
250

Бағлан Әбдірайымов қымбат көлігін сыйлық ретінде беретін бағы бар жігіт кім?

Белгілі әнші, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов өзінің қымбат BMV-сын кез-келген бір жігітке жәйдан-жәй сыйлай саламын деп отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желіге жазған.«Мен мынандай бір шешімге келдім. Өзімнің бірнеше жылдан мініп жүрген қара сәйгүлігімді себепсізден-себепсіз бір жігітке сыйлағым келіп тұр. Бұны сатып, өзімнің қажетіме жаратсам да болар еді. Неше түрлі гифт жасап жатыр, неше түрлі ойындар ойнатып жатыр. Оның барлығын жасасам да болар еді. Бірақ оны жасамаймын. Жәй сыйлық ретінде бір жігітке бергім келіп тұр. Есенқұл Жақыпбек «Семірген сайын тауықтың арты тар болады» деп айтады. «Жомарттың қолын жоқтық байлайды» деген де қазақтың әдемі сөзі бар. Жоқтықтан құдай сақтасын. Барымызбен қазір бөлісе аламыз ба, нәпсіміз көтере ала ма, осы сұрақты өзімізге қойып, соған біз тәуек…

0
0
559

ҰҚК Ақтауда лаңкестік әрекеттің алдын алды

2024 жылғы 1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады.

Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болып табылады. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
373

Президент Қорғаныс министріне бірқатар міндет жүктеді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі туралы баяндалды. Руслан Жақсылықов: әскери бөлімшелердің жедел іс-қимылдарға және жауынгерлік дайындығы, басқару органдары мен жеке құрамды оқытуға бағытталған негізгі күш-жігер жөнінде айтты. Қарулы Күштердің дағдарыс жағдайында, оның ішінде қазіргідей су тасқынына қарсы күрес кезінде орталық және жергілікті билік органдарымен тиімді байланыс орнатуы маңызды екеніне назар аударылды; Қарулы Күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтандыру, аумақтық қорғаныс әскерлерін күшейту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру ісі жөнінде мәлімет берді; еліміздің ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 2024 жылға жоспар…

0
0
355

Қытайда соталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылды ма?

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желіде тараған Қытайда есірткі тасымалдады деген айыппен сотталға Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны туралы ақпаратқа сіікеме берді.Фото: FacebookБүгін ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдері ресми өкілден: «Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?», - деп сұраған еді.Айбек Смадияров ол ақпараттың жалған екендігін атап өтті.«Бізде мұндай ақпарат жоқ. Ол расталмаған. Сіз Tik Tok-тағы ақпаратты айтып тұрған шығарсыз. Онда неше түрлі мәлімет жарияланада береді», - деді ол.Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы Ақжарқын Тұрлыбай…

0
0
197

БҚО-да құтқарушыға пышақ сұғылды

Оқиға Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында өткен кеште болған.
undefined
Жедел мәлімет бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету мақсатында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзеннің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды.

Ол аудандық ауруханаға кеуде тұсындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, құтқарушыға пышақ салған адам мас болған. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

http://t.me/qr_tjm

0
0
266

Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен адамдар пойызбен эвакуацияланды

Су тасқыны салдарынан Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғыны жолаушылар пойыздарымен эвакуацияланды.Фото: t.me/satzhangram Ауа райының нашарлауына және қардың қарқынды еруіне байланысты биыл 30 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғынын эвакуациялауды ұйымдастырды. Кеше республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тас жолына шектеулер енгізілген болатын.Тұрғындарды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы№8801/8802 жолаушылар пойызы бір рейске бекітілді.Сондай-ақ, «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №605/606 жолаушылар пойыздарына екі бағытта бір рейске қосымша вагондар қатынайды. Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялау 31 наурыз күнінің соңына дейін жалғасады. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алу…

0
0
212