Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің үйін сатудан басқа амалы қалмағанын айтып жылады

Бұған әншінің ол үйді енді күтіп ұстауға жағдайы жетпейтіні себеп екен.  Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова 2005 қаза тапқан күйеуі Заманбек Нұрқаділовтен кешірім сұрап, одан қалған үйді енді сатпасқа амал жоқ екенін мәлім етті.  «Мен шаршадым. Сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпейтін болса, туған-туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Мен сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын жүз мың теңге керек сіздің үйіңізді сақтау үшін. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған жоқпыз. Зәке, сен соны ойламапсың ғой. Айына мен 20 жыл бойы екі үйге 200 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ ж…

0
0
929

Ақтауды су басып қалды

Ақтауда нөсер жауын болып, шаһарды су алып кетті. Коммуналшылар су сору ісіне түннен бастап кіріскен.

undefined

Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, жұмыстар жеті жерде жүргізіліпті.

"20 мотопомпа, 7 вакуум және 40 шақты маман тартылды. Жүйелі жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Қалада қажетті техника жеткілікті", - дейді ол.

Шаһар тұрғындары болса, су басқан көшелердің бейнежазбаларын әлеуметтік желіде таратып, тіпті бұны қалжыңға айналдыруда.

"Еркектердің мерекесінде осындай жағдай болып қалғанына біз кінәлі емеспіз. Жігіттер, кешіріңдер", - деп күледі көлікте кетіп бара жатқан қыз.

Ескерту: видеода боғауыз сөздер бар

0
0
420

Атырау облысында құтқару, су сору және тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр

undefined

Атырау облысы Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

Тәулігіне 204 444 текше метр су сорылды. Ал тасқын басталғалы 4 521 719 текше метр су сорылған.

undefined

Осы облыстың Махамбет ауданында пилотсыз ұшу аппаратымен визуалды шолу жүргізіліп жатыр. Мониторинг тұрақты негізде жүргізіліп, жағдай қатаң бақылауға алынған. Қосымша жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

0
0
527

Арғы күні хоккейден Әлем чемпионаты басталады

Жұма күні Чехияда хоккейден Әлем чемпионаты басталады. Ол 10-26 мамыр аралығында өтпек.  Қазақстан құрамасы Прагаға 5 мамырда барып, 7 мамырда сол жерде  Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізді . Бұл ойында біздің хоккейшілер 5:2 есебімен жеңіске жетті. Гол соққандар – Никита Михайлис, Аркадий Шестаков және Роман Старченко.  Енді Қазақстан командасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сайысқа түседі.Ұлттық құрама тізімі мынадай:Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс») Артём Королёв, Мәди Диханбек (екеуі - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Валерий Орехо…

0
0
438

Президент әскердің жағдайымен танысты

Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрамалардың ұшақтары мен тікұшақтарының, жауынгерлік және арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды.

undefined

Қасым-Жомарт Тоқаев авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов жауынгерлік тапсырмаларды өз деңгейінде орындау үшін базада барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді.

Президент әскери қалашықтың Даңқ залына барып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Авиабазаның Астана әуе айлағында орналасуы жеке құрам мен техниканы қажет жеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әуеден барлау жүргізу, зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде Ұлттық ұланның бөлімшелеріне авиациялық қолдау көрсетеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
582

Жүк көлігі 29 баланы басып өтті (видео)

Қырғызстанда балмұздағы бар жүк көлігі 29 оқушыны басып өтті. Жеті адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Сұмдық оқиға мәдени іс-шара кезінде болған. Бұл кезде оқушылар «Манас» жырынан үзінді оқып жатқан еді.

Машина жоғарыға қойылған. Сосын ол өз-өзінен жүріп кетіпті. Қазір осы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

0
0
516

Президент АХҚО басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады.Ренат Бектұров Президентті АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелерін баяндап, орталықты дамыту жоспарымен таныстырды:      – Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асқан;өткен жылы АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 670-тен (жалпы әлемнің 78 елінен 2600-ден аса компания) асқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш:      – былтыр және осы жылдың алғашқы үш а…

0
0
384

«Өнегелі ұрпақ» апталығы: тазалық жұмысы әрі өнеге, әрі игі іс

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында апталыққа қатысты түрлі тақырыпта іс шаралар ұйымдастырылуда.Соның бірі «Достық ауласы» атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000 ға жуық адам қатысты.Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі – О.Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі – Ж.Раев, қалалық мәслихат депутаты Л.Сүлейменов, «Бал Текстиль» ЖШС-нің директоры Т.Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі – Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты.«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында бүгі…

0
0
524

Мемлекеттік сатып алу жүйесіне реформа жасалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады.Мәди Такиев мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы бірінші тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берді:      – осы ретте 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген;өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берді:      – жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады;бюджетті басқару тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған шаралар жаңа Бюджет кодексіне енгізілген;Сондай-ақ министр салықты…

0
0
303

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жекке кіммен және қашан шығатыны айтылды  

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жекке қайда, қашан және кіммен шығатыны айтылуда.

undefined

Фото: smi24.kz

Қазақстандық боксшы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында биыл 13 шілдеде Top Rank бокс кешінде сайысқа түседі.

Boxingscene.com бұл жекпе-жекте Әлімханның қарсыласы доминикандық Карлос Адамес болуы мүмкін деп отыр. Өйткені бұл екеуі соңғы күндері әлеуметтік желіде сөзсайысқа түсіп жатыр.

0
0
258